Тұрмағамбет шығармаларының негізгі бөлігі бұрынғы ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология бөлімінің қорында сақталған. Атақты шайырдың қолжазба мұрасын 1981 жылы ақынның ұлы Әбдірауық Тұрмағамбетұлы өткізіп, тиісті қаламақысын алғаны туралы аталған қордың тіркеу кітапшасында тіркеліп, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» көптомдық сериясының 5-томына енген. Атап айтқанда, 875-папкада Тұрмағамбет парсы тілінен аударған Ә.Фирдауси «Шаһнамасының» 35 дәптері және 878-папкада Сыр сүлейінің көлемі 6 дәптерден тұратын өлең-толғау, термелері мен хикая, дастандары сақталған.
РУХАНИЯТ
20 шілде 2019 г.
1 539
0
Соңғы кездері облыстың шалғай ауылдарында наубайхана кәсібі дамып келеді. Берекелі істен несібесін айырып жүргендердің бірі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен бастаса, енді бірі қайтарымсыз грант иегері атанған. Осындай іргелі бастаманы ел ішінде қолға алғандардың бірі – қармақшылық Луиза Тұрсынова. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында кәсібін ашып, даңғылға жол салған жандардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Әлеумет
20 шілде 2019 г.
942
0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және көрнекті орындарында болды. Тәрбиешілерімен бірге барған 44 баланы Өскеменде “Үміт” балалар үйінің ұл-қыздары қарсы алды. Онда арнайы саяхат пен естен кетпес ерекше демалыс ұйымдастырылды.
РУХАНИЯТ
20 шілде 2019 г.
416
0
Облыстық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Темірхан Әлімқұлов ең әуелі өзіне жоғары талап қоятындардың қатарынан. Сұхбат барысында «мен мынаны жасадым» дегеннен гөрі, «сайлаушылар көңілінен шыға алдым ба, өз міндетімді қалай орындап жүрмін?» деген сауалды өзіне жиі қоятынын байқадық. Содан да болар, оны ел қоғам жанашыры, қайырымды азамат ретінде жақсы таниды. Ендігі сөзді сұхбатпен өрбіткен едік.
Cұхбат
20 шілде 2019 г.
989
0
Барлығымыз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бағдарламасында маңызы зор “сабақтастық, әділдік, өрлеу” қағидатына басымдық берген болатын. Осы үш қағидатқа қарап отырып-ақ бізді жаңа қоғамда тың әрі сапалы өзгерістердің күтіп тұрғанын аңғару қиын емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
460
0
Қазалылық белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев басшылық жасайтын «Сыр маржаны» ЖШС-ның ірі қара малын Иран Ислам Республикасына эскпорттай бастады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
358
0
«Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Абай Тағыберген buqin.kz сайтының ең белсенді 5 тәуелсіз авторды анықтайтын жобасына жыл басынан бері қатысып келеді. Бүгінге дейін газетіміздің бетінде қаңтар айынан бастап жарық көрген ақпарат, сұхбат, зерттеу мақала сынды әр түрлі жанрдағы 71 материалды орналастырған Абай 70897 балл жинап, төртінші орынға ілініп, мерейі үстем болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
394
0
Күні мен түні алма-кезек ауысқан бірқалыпты тіршілік әрдайым қызықты бола бермейді. Қызыққа толы дүниені іздесең ел көру, жер аралау және жаңа адамдармен қарым-қатынас құру қажет. Және мұның бәрін де ақшасыз жасай алмайсың. Әрбір “қызық” үшін қомақты қаржы шығаруға тура келеді. Алайда, заман ағысына байланысты соңғы кезде бұл мәселенің де шешімі табылып үлгерді. Назарларыңызға қыруар қаржы шығындамастан әлем елдеріне саяхат жасаудың жолдарын ұсынып көрмекпіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
388
0
Сіздің де боқтампаз туысыңыз бар шығар, иә... Менде ондай таныс та, дос та, туыс та жетеді. Әсіресе, нағашылар жағында мұндай "шеберлікті" мүлтіксіз меңгергендер көп. Айтқым келгені, өзім өзге облыста оқығанымда жастардың мүлде боқтық сөйлемейтіні таңғалдырған. Қызылорданың өзінде кейінгі уакытта лас сөйлейтін жас жігіттер азайған. Сонда біз бен біздің алдыңғы буында ғана ма осындай " тұздықтап" сөйлейтіндер. Расы керек, көзіміз ашылғалы есіткеніміз осындай "қодірен" сөздер болды. Мойындау керек қой. Әңгіменің төркінін әріден бастасақ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 шілде 2019 г.
1 643
0
PDF
19 шілде 2019 г.
399
0