Үш қағидат – жақсылықтың бастауы

Барлығымыз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бағдарламасында маңызы зор “сабақтастық, әділдік, өрлеу” қағидатына басымдық берген болатын. Осы үш қағидатқа қарап отырып-ақ бізді жаңа қоғамда тың әрі сапалы өзгерістердің күтіп тұрғанын аңғару қиын емес. 

Мұны елдің әлеуетін арттырып, нығайтуға бағыт­талған басты қадам деп білемін. Айтылған 3 бағытта қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, ел экономикасының ілгерілеуіне жол ашатыны сөзсіз.

Мәселен, әділдік қағидасы арқылы сот жүйесін одан әрі жетілдіріп, қоғамдық қауіпсіздікті арттырмақ. Сондай-ақ, індет болып жабысқан жемқорлықты жою мен әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесі қолға алынатын болады. Бұдан бөлек, халыққа білім берудің заманауи стандарттары енгізіледі, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады, сапалы жұмыс орындарын құру шаралары қабылданады. Мұның барлығы бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелер. Сондықтан кезең-кезеңімен шешімін табар болса, ел еңсесі биіктей түспек.

Тағы бір айта кетерлігі, ауылдарды дамыту, бизнесті қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту, қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары да бағдарламада қамтылған. Бұл енді не болады екен деп елеңдеп отырған халықтың үмітін оятты.  Ал, еліміздің қозғаушы күшіне айналар жастардың ел дамуындағы рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлінуі баршамызды қуантты. Жастардың өздеріне, жарқын болашаққа деген сенімін нығайтты. Жалпы, қазақ халқының бірлігін, тұтастығын қамтыған үш ұстаным елдің ойын дөп басты.

Ержан БАЙТІЛЕС,

 “Nur Otan” партиясы облыстық 

филиалының төрағасының орынбасары.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2019 г. 443 0