Заңнама бұзған  шетелдіктер анықталды

Заңнама бұзған шетелдіктер анықталды

Шілде айының 16-19 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші – жаз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 327 0
Сот үкімімен жазаға тартылды

Сот үкімімен жазаға тартылды

 Қала тұрғыны Б.Б. өткен жылдың күз айында ұялы телефонымен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, облыс орталығындағы мекемелердің бірінің жертөлесіне бомба қойғаны туралы хабарлаған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 361 0

Өрт – тілсіз жау!

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштардың бірнеше түрі қатар өсіп, аймаққа әр беріп тұратын табиғи кешен. Адамның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен эстетикалық ләззат алуына мүмкіндік береді десек, қателеспейміз. Қаланың қапырығы мен шаң-тозаңынан бір сәт демалып, жасыл желек ортасында терең тыныстағанға не жетсін? Қызылды - жасылды гүлдерге көз тоймай қарап, құстардың сайраған дауысын тыңдап, табиғаттың сұлулығына тамсанудың өзі де жанға жайлылық сыйлайды. Ал,осы кереметтің бәрі әп-сәтте жойылып кетуі мүмкін. Оның себебі тілсіз жау – өрттің қаншама шығын әкелетіні айтпаса да түсінікті болар.
АҚПАРАТ 23 шілде 2019 г. 290 0

Акция аясында екі жеңімпаз марапатталды

Мемлекеттік кірістер департаментінде ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Департамент басшысы Ғалымжан Орынов акцияға халықтың белсенді болуы көңіл қуантарлық жағдай екенін атап өтті. Науқанның ел қазынасын толтырудағы ерекше маңызын айта келе, жеңімпаздар Айдос Мырзабек пен Жібек Рысбекованы арнайы сертификаттармен құттықтап, жеңіске тігілген «IPhone 7» смартфондарын табыс етті.
АҚПАРАТ 23 шілде 2019 г. 239 0
«Халық жыр тыңдамайды деген  – негізсіз пікір»

«Халық жыр тыңдамайды деген – негізсіз пікір»

  «Qazaq Epos» ұлттық жобасы «Тұлпар мініп, Ту алған» рес­публикалық байқауының ресми өкілі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітман Қызылордаға арнайы іссапармен келіп, «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан өтіп жатқан оқушылар сайысы туралы сұхбат берді.
Cұхбат 23 шілде 2019 г. 1 326 0
Сұранысқа сай сапалы қызмет бар

Сұранысқа сай сапалы қызмет бар

Кәсіпкерлік саласы экономиканы дамытудың маңызды тетіктеріне айналды. Бұл ретте аралдықтардың айы оңынан туып тұр. Мұндағы 4 206 кәсіпкерлік субъектісінің 3 665-і тұрақты жұмыс істейді. Оларда 7 574 адам жұмыспен қамтылған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 466 0
Бала құқы бұзылмауы тиіс

Бала құқы бұзылмауы тиіс

 Күнделікті әдетіммен жұмыстан қайтарда автобусқа отырдым. Кіп-кішкентай кассир бала мініп-түскен адамның жолақысын алып, қолындағы тиындарын санап қояды. Үлкен кісілердің сөмкесін көтеріп, олардың көліктен түсуіне  көмектесіп те үлгерді. Елпең қағып, жүргіншілердің қай аялдамадан түсетінін сұрап қоюды да ұмытпады. Жасы  9-10 шамасындағы балаға ұқсайды. Жазғы демалыста әкесіне қолқабыс еткісі келген болуы керек. Кішкентай кассирдің қызметіне сүйсінгендер «Бақытты бол!», «Үлкен азамат бол!» деп батасын беріп жатты.
ЖАРНАМА 23 шілде 2019 г. 911 0
Әділбек Ниязымбетов Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Әділбек Ниязымбетов Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионы және әлем вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетовке «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 413 0
Экономика: болжамдар ішінара расталмады

Экономика: болжамдар ішінара расталмады

 Өткен жылдың соңында Халық­аралық валюта қоры 2019 жылға арналған экономикалық бол­жамын жариялап, осы жылы әлем экономикасы бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болатынын айтқан еді. ХВҚ мәліметінше, 2019 жылы сауда соғысы салдарынан әлемдік экономика 1,52 трлн доллар табысынан айырылатынын болжады. Бұл өз кезегінде жаһандық нарықтың 17 процентке қысқаруына және жалпы ішкі өнімнің 1,9 процентке азаюына алып келеді.
Экономика 23 шілде 2019 г. 1 059 0
Иранға ірі қара мал экспортталды

Иранға ірі қара мал экспортталды

 «Сыр маржаны» ЖШС-нан Иран Ислам Республикасына ірі қара эскпорттала бастады. Жуырда 56 бас мал тірілей серіктестікке қарасты бордақылау алаңында өлшеніп, шетелдік «Inchen Broon Cooperative Inc» компаниясына жөнелтілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 349 0