Сот үкімімен жазаға тартылды

 Қала тұрғыны Б.Б. өткен жылдың күз айында ұялы телефонымен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, облыс орталығындағы мекемелердің бірінің жертөлесіне бомба қойғаны туралы хабарлаған.

Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда, жарылғыш зат табылған жоқ. Осы дерек  бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының Полиция басқармасының жедел уәкілдерімен 12.11.2018 жылы Б.Б-ны  ұстап, ұялы телефоны  заттай дәлелдеме ретінде алынды. Тергеп-тексеру нәтижесімен күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті толығымен дәлелденді. Ол  кінәсін толық мойындады. Биылғы жылдың 4 қаңтары күні қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының 28.01.2019 жылғы үкімімен сотталушы Б.Б.  ҚР ҚК-нің 273-бабымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу туралы шешім қабылданды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2019 г. 360 0