Қызылорда қаласында орналасқан А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің оқушысы Жансая Жақыпбек күні кеше 6 сыныпты бітірді. Ол да басқа балалар сияқты жылда жаз мезгілін асыға күтеді. Өйткені, бұл – үш ай бойы демалып, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауға қолайлы уақыт. Әрбір бала демалысты жанға жайлы, қызықты өткізуді армандайды. Сабақ барысында берілетін демалыс күндері жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2019 г.
1 187
0
Жаңақорған ауданының Қосүйеңкіауылындағы №161-ші мектеп жазушы Дүкенбай Досжановтың бастамасымен салынған. Қазір қаламгер есімін иеленген мектеп өте әсем, ауласы желек, ішін гүл көмкерген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2019 г.
819
0
12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні. Осыған орай аймақта 1-12 маусым аралығында “Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2019 г.
896
0
Еңбек нарығы үздіксіз өзгеру үстінде, осында оншақты жыл бұрын қажеттілікке ие болған мамандықтар бүгінгі күні қажетсіз болуда немесе айлық аз төленетін мамандыққа айналып жатыр. Мұндай өзгерістерді болжау да оңай емес.
Білім
01 маусым 2019 г.
1 375
0
Қаланың у-шуынан мезі болғанда ауылыма асығатыным бар. Оған себеп те жоқ емес. Ауылда торқалы тоқсанды тақымдаған, толғамы бөлек атам бар. Ол ауыл арасында «тірі тарих», «дала академигі» атанып кеткен Құрмаш Есімсейітов.
РУХАНИЯТ
01 маусым 2019 г.
830
0
Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынған болатын. Осы орайда ауданда «Жастар жылын» атап өтудің кешенді жоспары бекітілді. Аталған жоспарда жастардың жан-жақты дамуы, олардың барлық категорияларына өмірге қажетті дағдыларға бейімдеу бағытында жұмыстар көрсетілген.
АҚПАРАТ
01 маусым 2019 г.
478
0
Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы аян. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген жолдарды ой жібере оқып, зердемізге тоқып жүрген жайымыз бар.
Тарих
01 маусым 2019 г.
2 980
0
«Қоғалыкөлден тағы бір көне қала орны табылды» дегенді естігенде ауылдағылардың елеңдегені анық. Іргедегі Баршынкенттің талай сыры әлдеқашан белгілі болған. Осы күнге дейін 300-ден астам қала қазған белгілі археолог Мадияр Елеуов бастаған мамандар да ескі шаһар орнында жұмыс істеп жатыр. Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған сапар барысында талай сырға қанықтық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2019 г.
1 198
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараға кәсіпкерлер, облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары, университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2019 г.
468
0
Зина Ізбастықызы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің түлегі. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 1982 жылы Шиелі аудандық халық сотының судьясы болып бастаған.
ТАҒЫЛЫМ
01 маусым 2019 г.
1 418
0