Құрылысына қомақты қаржы жұмсалған Аралдағы орталық аурухана 150 адамға арналған. Үш қабатты ғимаратта терапия, хирургия, травматология, педиатрия, дерматовенерология және жұқпалы аурулар бөлімдері бар. Палаталарға науқастарға қажетті бар жағдай қарастырылған. Шұғыл жағдайда көмек көрсететін оттегі беру қызметі де ескерілген. Ғимарат газбен жылытылады. Үш ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, төрт медициналық және бір фельдшерлік-акушерлік бекет қарайтын бұл мекеме соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылған. Америкалық, германдық өндірістен шыққан осындай жаңа медициналық құралдар арқасында күрделі оталар жасап, телемедицина арқылы еліміздегі жетекші клиникалар мамандарымен тәжірибе алмасуға да мүмкіндігі зор. Сонымен бірге, облыс орталығына баратын Арал, Қазалы аудандары тұрғындары үшін осы аурухана қызметі үлкен көмек екені даусыз.
Денсаулық
15 маусым 2019 г.
727
0
Мемлекеттің басты құндылығы адам десек, адамның басты байлығы денсаулығы екені белгілі. Яғни, дені сау, он екі мүшесі аман адам ғана елінің ертеңі, ұлтының болашағы бола алмақ. Осы орайда елімізде, оның ішінде біздің облысымызда тұрғындар саулығын сақтауға баса көңіл бөлініп келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 маусым 2019 г.
595
0
Күлжан Әуезова 1929 жылы туған, 30 жылдай сауыншы болып, еңбек адамы есебінде кеңестік дәуірдің барлық жоғары атақтарына қол жеткізген Батыр ана.
ТАҒЫЛЫМ
15 маусым 2019 г.
1 115
0