Мұнан бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап республика көлемінде «Медицина жаныңда!» ұранымен кең ауқымды акция өткізілуде. Ондағы мақсат – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында дәрігері жоқ шалғай елді мекен тұрғындарына арнайы дәрігерлік бригадалар арқылы медициналық және консультативті көмек көрсету, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы жан-жақты түсіндіру және саламатты өмір салтын ұстануға шақыру.
АҚПАРАТ
08 мамыр 2019 г.
323
0
Таиландтың Бангкок қаласында өткен бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет пен күміс медаль иегері Қамшыбек Қоңқабаевты құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 мамыр 2019 г.
558
0
Комиссия ертең келеді деген хабар түскен. ПМК бастығы Ахмет орынбасарын ертіп, нысанды тағы да өз көзімен көруге шықты. Уақыт сәскеден озған. Екі-үш бөлмеден өтіп, оларды дайындап жүрген жұмысшылардың ынталы істерін байқап, көтеріңкі көңілмен келесі бөлмеге ене бере шат пейілдері нілдей бұзылды. Кіреберісте учаске мастері мен жұмысшы түрегелді. Алдарында жайылған газет үстінде шөлмек пен балық консервісі, қолмен үзілген жарты бөлке нан. Екеуінің де көзі күлімдейді.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
498
0
Арал теңізіндегі Көкарал бөгетіне балық қорғау құрылғысы қойылады, деп хабарлайды Хабар24.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 мамыр 2019 г.
495
0
Ұлы Отан соғысы – халқымызға төнген ең ауыр төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан алысып, жан беріскен сұрапыл кезең болып тарихта қатталып қалды.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
510
0
Адамзат тарихында өшпес із қалдырған, әрбір жанның жүрегіне жара салып кеткен, ең суық та сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысына, қан майданға жастары 18-19-ға толар-толмастан аттанғандардың өзі қазірде тоқсанды орталады. Олардың қатары уақыт өткен сайын сиреп, азайып бара жатыр. Биыл облыс бойынша небәрі 25 соғыс ардагері қалыпты. Сондықтан да сұм соғыстың қасіреті мен бабалар ерлігін жазу, кейінгі ұрпаққа дәріптеу – бүгінгі күннің талабы. Өйткені, қасиетті Отанымыздың қорғаны болып, қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен майдангерлердің сол бір ауыр жылдар туралы айтқан естеліктері бүгінгі және келешек ұрпақ үшін құнды екендігі даусыз.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
495
0
«Неменеге жетістің, бала батыр?» деп басталатын ақиық ақын Мұқағалидың өлеңі есіме түсіп отыр. Облыс орталығына таяқ тастам жердегі Сырдария ауданы бойынша қан майданның бел ортасында жауға оқ атып, ел үшін күрескен бар-жоғы екі ардагер ғана қалыпты. Бірі – Яхия Тасыров, екіншісі – біздің бүгінгі кейіпкеріміз Махамбет Бержанов.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
586
0
Фашистік Германия тұтатқан екінші дүниежүзілік соғыс өткен ғасырдың ең қаралы кезеңі екені тарихтан мәлім. Сол тұста Қазалы ауданынан 11 мыңға жуық азамат майданға аттанса, олардың 6 мыңнан астамы ғана елге оралған. Қазіргі таңда арамызда жүрген саусақпен санарлықтай майдангерлердің қатарында Бекарыстан би ауылының қарт тұрғыны Қабақ Смағұл да бар.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
547
0
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызылорда облысынан әскер қатарына және тыл жұмыстарына мобилизацияланғандар туралы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Кейбір зерттеулерде соғыс кезінде Орта Азия мен Қазақстаннан халықтың 18 процентінің әскерге немесе тыл жұмыстарына алынғаны жазылады. Ал біздің қолымыздағы нақты мәліметтер Қазақстаннан, Сыр өнірінен әскерге ия тұрғылықты жерінен тыс жерлерде орналасқан өндіріс орындарына халықтың 34 проценті алынғандығын айғақтайды. 1939 жылғы ресми санақ мәліметтері бойынша Қызылорда облысында 328 067 тұрғын болған екен, алайда демограф М.Тольцтің зерттеулеріне сүйенсек, осы санақ көрсеткіштері Қазақстан бойынша 12,94 процентке көтермеленіп берілген. Осыған сәйкес, сол жылы өңірде 290 479 тұрғын болғанын анықтаймыз. Осыны негізге алайық.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
927
0
Шиелі ауданы аумағындағы «РУ-6» кенішінде облыстағы аумақтық қорғаныс құрылымдарының «Қорған – 2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, аймақтағы барлық қорғаныс құрылымдары, сондай-ақ, басқарма басшылары қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 мамыр 2019 г.
337
0