Елімізде пластикалық құбыр шығаратын өндіріс орындарының өнімдеріне сұраныс артуда. Себебі, су, кәріз жүйелерін ауыстыру мен оңтүстік өңірлерді газдандыру ісі қарқынмен жүріп жатыр. Шиелі ауданына сапар барысында біз «Қазақстанның мұнай-газ химиялық компаниясы «Кемикал» ЖШС Қызылорда филиалына арнайылап ат басын бұрған едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
889
0
Біздің қазақ отбасындағы берекені дастарханға қарап бағалайды. Десек те қандай да бір тауардың көптігі тұтынушының талғамын арттыратыны тағы рас. Сондықтан көпшілік осы күні сырттан тасымалданатын өнімдерден гөрі жергілікті өндірушілердің қолынан шыққан тағам өнімдерін көбірек тұтынады. Айталық, Аралдың балығына, Жаңақорғанның жеміс-жидегіне, Жалағаштың күрішіне сұраныс жоғары.
ДӘУЛЕТ
16 ақпан 2019 г.
601
0
Облыс аумағында 2018 жылдан бері «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart city» тұжырымдамасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалардың құны 4,8 млрд теңге. Жаңа технологиялар негізінен білім, денсаулық сақтау, коммуналдық сала, транспорт және қауіпсіздік салаларында қолға алынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық цифрлы технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова мәлімдеді.
АҚПАРАТ
16 ақпан 2019 г.
343
0
«Нұр отан» партиясының 20 жылдығына орай конференция өтті. Конференцияда Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты партияның алдағы жұмыстары жайлы мәселелер талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
961
0
Өңірлік «Орда» бағдарламасы аясында сол жағалаудағы жаңа қоныстан үй алушылар саны күн сайын артып келеді. Әне-міне дегенше бұл жақта қоныс тойлар көбейетіні анық. Жыл басынан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламаға қатысушылар арасында конкурс өткізіп, сол жағалау тұрғындарын анықтауда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
641
0
Көлік қатынасы тұрғысында облыс бойынша даму айтарлықтай қарқын алды. Өткен жылдың шілдесінен бастап аймақ тұрғындарына Ресей астанасы Мәскеуге әуе жолы арқылы тікелей жетуге мүмкіндік туды. Аптасына төрт мәрте «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» рейсі маршруты қолға алынды. Сұранысқа ие бұл бастамаға байланысты ресейлік «Аэрофлот» компаниясымен биылғы наурызға дейін келісімшартқа қол қойылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
601
0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 600-ден астам қызметкері қан тапсырып, қан қорын280 литрге толықтырды. Еліміздің барлық филиалдарын қамтыған донорлық акциясы аясында халыққа қызмет көрсету орталықтарында қан алу орындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар қалада қан тапсыру шарасы қан орталықтарында өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
407
0
Қазақстанның салық жүйесі бүгінде дамудың тұрақты арнасына түсті. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығы үшін басқа салалармен қоса салық жүйесіне қатысты да уақыт талабына сай реформаларды жария етіп келеді. Салық реформасының басты мақсаты – экономикалық ахуалдың күрделі кезеңінде бизнес саласының аяғынан шалмай, керісінше заң аясында демеу көрсете отырып, ел экономикасының дамуына ықпал ету, жасырын бизнестің «көлеңкеден» жарыққа шығуына, «қолма-қол ақшасыз» жүйені реттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың, жең ұшынан жалғасушылықтың жолын кесіп, таза, мөлдір салық саясатын қалыптастыру. Осы орайда бизнес өкілдеріне биылғы жылы да көптеген жеңілдіктер жасалып отыр. Соған байланысты салық заңнамасына енгізілген өзгерістер жөнінде Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатовамен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
16 ақпан 2019 г.
1 157
0
Биыл Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай аймағымызда «Ерлікке, елдікке тағзым!» атты іс-шара өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
792
0
Жаңақорған ауданы кәсіпкерлік саласы бойынша үздіктер қатарында. Ондағы әрбір ауылдың өз кәсібі бар. Бірі егіншілік болса, бірі шаруашылық, енді бірі жеңіл жұмыстың көзін тауып кәсіпке айналдырып отыр. Солардың қатарындағы Аққорған ауылында мемлекеттік бағдарламаның арқасында қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие алып, мал басын көбейтіп, кәсібін кеңейтіп отырған кәсіпкерлер жетерлік.
ДӘУЛЕТ
16 ақпан 2019 г.
608
0