ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Биыл Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай аймағымызда «Ерлікке, елдікке тағзым!» атты іс-шара өтті.

Әуелі «Тағзым» алаңында Ауған соғысы жауын­гер­ле­рінің ескерткіші алдында со­ғыста қаза тапқан жауын­гер­лерді еске алу митингісі болды.

Облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов сөз сөйлеп, қанша жыл өтсе де бұл күнді еске алу жауынгерлер үшін оңай емес екенін жеткізді.

–Тәуелсіз елімізде бүгін­де Ауған соғысына қатысқан 18 мың жауынгер бар болса, соның 3 мыңдайы мүгедектер қатарында. Оның ішінде Сыр елінен қатысқан 643 аза­маттың 13-і өмірден озды, 5-і соғыс даласында із-түзсіз жоғалды. Қазір 598 ардагер бар. Сол күндерді еске алу қанша қиын болса да бүгін, міне, еске алып тұрмыз. Себебі кейінгі ұрпаққа соғыстың қасіретін түсіндіріп, оның ешқандай елге жақсылық әкелмейтінін айтуымыз қажет. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлан-байтақ жері­міздегі бей­бітшілік бәрі­нен қымбат екенін әрдайым ұғындыру біздің міндетіміз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Митингте сөз алған қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, «Ауғанстан соғысы ардагерлері» ұйымы қо­ғамдық бірлестігінің төр­ағасы Қайраддин Баймаханов бұл күн ауған соғысына қатысқандар үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін маңызды екенін атап айтты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2019 г. 776 0