« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік «Орда» бағдарламасы аясында сол жағалаудағы жаңа қоныстан үй алушылар саны күн сайын артып келеді. Әне-міне дегенше бұл жақта қоныс тойлар көбейетіні анық. Жыл басынан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламаға қатысушылар арасында конкурс өткізіп, сол жағалау тұрғындарын анықтауда.
Орайы келгенде «Орда» фбағдарламасының тиімділігін айта кетелік. Облыс әкімдігінің қолдауымен қолға алынған бағдарлама баспанаға мұқтаждардың ішінен белгіленген санаттарға арналған. Атап айтқанда, көпбалалы немесе толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мемлекеттік қызметкерлер, бюджет мекемелерінің қызметкерлері және жасы 35-ке толмаған жас отбасылар. Бағдарламаның бір ғана талабы бар. Ол – банк есепшотында кем дегенде 500 000 теңге жинағыңыз болу керектігі.
Ал «Орда» бойынша берілетін пәтер бағасы отбасы бюджетіне соншалықты салмақ салмайтындай есептелінген. Мәселен, жалпы ауданы 58 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтер 6 960 000 теңге. Жаңа пәтерінде 8 жыл бойы тұрып келген банк салымшысы осы уақыт ішінде шотына ай сайын 36 888 теңгеден ақша аударып тұру керек. Жыл сайынғы мемлекеттік және банк сыйақысын қоса есептегенде жинақ сомасы үй бағасының 50 процентіне жеткен кезде қалған 3 480 000 теңге несие түрінде рәсімделеді. Бір атап айтарлығы, бұл бағдарлама халықты табысынан ақша жинап пәтер алуға үндейді. Бүгінде бағдарламаның тиімділігін пайдаланып, сол жағалаудан үй алып жатқандар аз емес. Солардың бірі – жас отбасы Рахметовтер. «Орда» бағдарламасына қатысуға жас отбасылардың мүмкіндігі бар екенін естіген Жангелді Рахметов жұбайы екеуі ақылдаса келе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» есепшот ашып, ақша жинай бастайды. Конкурс жарияланған сәттен өтінім тапсырған олар сол жағалаудан үш бөлмелі үй алу құқына ие болады. Конкурстан өткен жас отбасы енді жаңа қонысқа көшуге асығып жүр.
Салтанат Рахметова: Сол жағалау игеріле бастаған кезде сол жақтан үй алсақ деп армандайтын едік. Арманымыз орындалды. «Орда» бағдарламасының тиімді екенін естіп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» шот ашып, ай сайын ақша жинай бастадық. Жастар жылында жолымыз болды. Жақында сол жағалаудағы үйлерден «Орда» бағдарламасы бойынша жарияланған конкурсқа қатыстық. Қорытындысында №17 үйден 3 бөлмелі пәтер бізге бұйырды. Жақында кілтін аламыз. «Орда» жас отбасы үшін ең тиімді бағдарлама екеніне көзіміз жетті. Қуанышымызда шек жоқ.
Айта кетелік, жыл басынан бері «Орда» бағдарламасы бойынша 248 пәтерге конкурс жарияланып, бүгінгі күнге 80 тұрғынға пәтер берілген. 168 пәтерге конкурс жалғасуда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |