Ауыл шаруашылығы  экономиканың драйверіне  айналуы тиіс

Ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналуы тиіс

Ел экономикасын алға жылжытатын сала ретінде ауыл шаруашылығын әртараптандыруға ерекше назар аударылуда. Бұл салада негізгі кәсіп күрішпен қатар майлы дақылдар егуді көбейту қолға алынды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару көлемі де жыл өткен сайын артып келеді. Осы және Байқоңыр қаласын дамыту бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жыл жоспарын өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі өкілі, облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 504 0
Әр балаға 20 мың теңгеден беру керек деген талап қаралып жатқанын айтты

Әр балаға 20 мың теңгеден беру керек деген талап қаралып жатқанын айтты

Қаржы министрі Әлихан Смайылов көп балалы аналардың жәрдемақысын көтеру мәселесін қарастырып жатқан арнайы жұмыс тобы құрылғандығын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, алдағы уақытта елімізде балаларға берілетін жәрдемақының берілу уақыты да өзгеруі мүмкін деп жазады NUR.KZ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 422 0
«Көгілдір отын» –  халықтың игілігіне

«Көгілдір отын» – халықтың игілігіне

Стратегиялық маңызы бар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының құрылысы – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі. Төрт облыс арқылы өтетін газ құбырының жалпы ұзындығы – 1143 шақырым.  Оның 846 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Аталған құбыр бойында бірнеше газ компрессорлық станциялар салынды. Айта кетейік, аталған магистральді газ құбыры аймақ экономикасына қосымша қуат беріп, өңірді түгелдей газбен қамтуға жол ашып отыр.  
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 496 0
Түлік – табыс, балық – байлық

Түлік – табыс, балық – байлық

  Сыр өңірі – бұрыннан төрт түлікті түлеткен, атакәсіптен айнымаған аймақтың бірі. Сол себепті қай кезде де елдегі ағайын мал шаруашылығына барынша мән беріп келеді. Соңғы жылдары өңірде түлігін төлдетіп, қыс-жаз демей маңдай терін төккен шопандар еңбегі елеусіз қалмауда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 554 0

Бірлескен істе береке бар

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – мемлекет пен жеке меншіктің бірлесіп жұмыс істеуі, екі тараптың өзара тиімді ынтымақтастығы.  Мұндай әріптестік жобаларын іске асыру тек жергілікті бюджеттің ауыртпалығын төмендетіп, жеке инвестицияларды тартып қана қоймайды, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарта түседі. 
АҚПАРАТ 12 ақпан 2019 г. 306 0
Шет аймақтардың шетін мәселелері шешімін табады

Шет аймақтардың шетін мәселелері шешімін табады

Қызылорда – аумағы еселеп ұлғайып, халық саны қарқынды өсіп келе жатқан қала болғандықтан, инфрақұрылымға қатысты мәселелері де кезең-кезеңмен шешілуде. Қазірдің өзінде қалада 800-дей көше бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 507 0
Қызылордада салынған қорғаныс бөгеті су басу қаупін сейілтті

Қызылордада салынған қорғаныс бөгеті су басу қаупін сейілтті

Қызылорда қаласы сол жағалауын бекіту жобасы аясында соңғы екі жылда салынған 10 шақырым қорғаныс бөгеті биыл су басу қаупін сейілтуге оң септігін тигізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 416 0