Қызылорданың 3 мектебінде сатушысы жоқ «Адалдық дүкендері» ашылды. Осы кезге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен бірқатар колледждерде ашылған сатушысыз сауда орындары енді орта мектептерде де өз жұмысын бастады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
647
0
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында "Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс", - деген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
504
0
“Достық үйінде” облыстық қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе облыстағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған жұмыс барысы. Бұл жайында облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы М.Өмірбаева мен “Алтын қамба” АӨК” ЖШС-ның тұрақтандыру қоры бөлімінің басшысы Л.Жанасбаева хабарлама жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
431
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев пен еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев өткен жылғы атқарылған жұмыстарын саралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
490
0
Өткен жылы жер учаскелерін пайдаланбаған және оны ҚР заңнамасы талаптарын бұза отырып пайдаланған тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Нәтижесінде департамент тарапынан тиісті шаралар атқарылып, көлемі 28853,3 гектар болатын 233 жер учаскесі үшін 19919,5 мың теңге қосымша салық есептелді. Бұл Қызылорда облысы бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаевтың Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте келтірген мәліметтерінің бір парасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
467
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық үш басқарманың 2018 жылғы атқарған жұмыстары баяндалды. Алғашқы кезекте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов Елбасының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 2,5 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасына орай құрылған жоспарға және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
606
0
Білім саласын цифрландыру мәселесі өңірде қарқынды түрде жүргізілуде. Облыста 293 мектеп кең жолақты интернетке 100 процент қосылып, WI-FI-мен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, барлық мектептер “Күнделік.кз” электронды жүйесінде жұмыс жасайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім саласының басшысы Майра Мелдебекова хабарлады. Шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов та салада атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
568
0
Жалағаш ауданында іске қосылған қызыл мия тамырын өңдеу зауытына қатысты мәселенің түйіні шешілді. Сондай-ақ, негізінен күріш егуге мән беретін жалағаштықтар алма өсіруге бет бұра бастаған. Тағы бір жағымды жаңалық, ауданда жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізетін 10 жоба жүзеге аспақ.Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Жалағаш ауданы әкімі Қайрат Сәрсенбаев айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
458
0
Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы - бұл – шын мәнінде ұлттық деңгейлі ауқымды жоба. Осы бағдарламаға байланысты Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, рухани жаңғыру аясында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған жеріңе деген патриоттық сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Қармақшы ауданының тарихымен таныстырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
449
0
29.01.2019 жылы 13 сағат 30 минутта Шиелі ауданы, «Жезқазған-Қызылорда» а втокөлік жолының 208 шақырымында ТЖД, ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ күшімен қар құрсауынан тазартыл ған аумаққа 25 автокөлік, Қызылорда қаласына бағыт алған 12 автокөлік тартып шығарылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 ақпан 2019 г.
426
0