Оқушылар сатушысыз дүкендерге бара бастады

Қызылорданың 3 мектебінде сатушысы жоқ «Адалдық дүкендері» ашылды. Осы кезге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен бірқатар колледждерде ашылған сатушысыз сауда орындары енді орта мектептерде де өз жұмысын бастады.

Мектеп қабырғасында алғаш рет ашылған аталмыш дүкендер өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Дүкеннен оқушылар мен мұғалімдер қажетті заттарын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды. Мұнда сатушы да, бейнекамера да, күзетші де жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа, адамның тәртібі мен ұятына негізделген. Өскелең ұрпақты жақсы қасиетке баулуды көздеген бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да оң әсер етеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті оқушыларды ішкі парасаттылық пен ар-намысқа тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық дүкендерін» алдағы уақытта өңірдегі барлық мектептерде ашуды көздеуде.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 633 0