« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Білім саласын цифрландыру мәселесі өңірде қарқынды түрде жүргізілуде. Облыста 293 мектеп кең жолақты интернетке 100 процент қосылып, WI-FI-мен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, барлық мектептер “Күнделік.кз” электронды жүйесінде жұмыс жасайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім саласының басшысы Майра Мелдебекова хабарлады. Шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов та салада атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 дана компьютер жаңартылған. Оған қоса аймақтағы 9 Оқушылар үйі “3D-модельдеу” және “Цифрлық білім беру лабораториясы” кабинеттерімен жабдықталды. Ал, Қызылорда қаласындағы оқушылар үйі “IT-iMAQORDA” ресурстық орталығы ретінде ашылса, №3 мектеп-лицейі информатика бағытындағы тірек мектебі ретінде ІТ-лицей болып құрылды. Осы бағыттағы жұмыстардың жүзеге асуына өткен жылы облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген. 2018-2019 оқу жылынан бастап пәндерді ағылшын тілінде оқыту элементтері 104 мектепте пилоттық негізде енгізілсе, 46 инновациялық мектептер ағылшын тілін оқытатын мектептер болып белгіленді.
– Биыл да бірқатар жұмыстар жүзеге аспақ. Оның ішінде Жаңақорған кентіндегі апатты жағдайдағы №169 мектептің, Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі №231 мектептің 100 орындық қосымша құрылысын аяқтау жоспарда бар. Сондай-ақ, Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылындағы апаттық деп танылған №34 мектепке 140 орындық мектеп құрылысын салуға сметалық құжат әзірленіп, облыстық бюджеттің кезектен тыс мәслихат сессиясына бюджеттік өтінім ұсынылды. Облыс мектептері мен 83 мемлекеттік балабақшаларға бейнебақылау орнату жұмыстары да осы жылдың межесінде, – деді Майра Тұрғанбайқызы.
Жиын барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов та сала жұмысын саралап өтті. Өткен жылы мәдениет нысандарын жаңғырту мақсатында Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық клубтары салынса, облыс орталығында сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын жаңа типтегі облыстық мемлекеттік архивтің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қасиетті нысандардың тізбесіне енгізілген Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун, Марал ишан кесенелері қайта қалпына келтірілген. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында аймақтың тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылды.
– Бүгінгі күні Елбасы Жолдауынан туындаған “Архив-2025” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облысымызға қатысты шетел архивтерінен тарихи құжаттарды жинақтау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сыр өңірінің тарихын зерттеу, аймаққа қатысты құжаттарды елге қайтару секілді жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы топ құрылды. Үстіміздегі жылдың ІІ жарты жылдығында басқарма мен облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен “Цифрлық экономикадағы архив ісі және құжаттама” атты республикалық ғылыми конференция өткізу жоспарлануда,– деді Ә.Ерсұлтанов.
Сала жұмыстарын саралаған жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы” газеті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |