Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру науқаны өтуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
738
0
Қызылордалық білім беру ұйымдарының басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары үшін жекелей жауапкершілікке тартылуы жөнінде келісімге қол қойды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
863
0
Эх, велосипед! Велосипед! Кіп-кішкене томпиған қара қыз Құндызайдың тілімен қазақшалап айтқанда белсебет. Ол осы белсебетті қалай жақсы көретінін білсеңіздер ғой. Қатты жақсы көреді. Өте қатты. Жақсы көргені сол, осы екі аяқты арба күндіз-түні ойынан шықпайды. Тіпті кейде түсіне енеді. Ал түсінде көрсе рахат!
ӘДЕБИЕТ
14 қаңтар 2019 г.
1 480
0
Табалдырықтан аттап, төрге озған жылда қазақ баспасөзі тарихында орны бар, Сыр елінің аға газеті – «Сыр бойының» жарыққа шыққанына 90 жыл толады. «Сыр бойы» – еліміздегі байырғы басылымдардың бірі. Айдынды Арал мен қарт Қаратаудың аралығындағы елдің өткенін тарихқа, өнегесін тағылымға айналдырған өзіндік дәстүрі мен ұстанымы бар. Қасиетті қарашаңырақта туған топырақтан түлеп ұшып, тұтас ұлт әдебиеті мен руханиятына қызмет еткен тұлғалардың қанаты қатайды.
АҚПАРАТ
14 қаңтар 2019 г.
1 503
0
Жасөспірім қыры мен сыры беймәлім ересек өмірге қадам басқанында түрлі қиындықтар мен кедергілерден өтуі керек. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, жоғары оқу орнын аяқтап, мамандығы бойынша жұмыс таппауы жастардың еңсесін түсіреді. Түрлі өзгерістерге толы жаһандану заманында жастардың өзі сенімді болып, табысқа жетуі үшін өмірлік және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту қажет. Халықаралық жастар қорының тәжірибесіне сүйенсек, өмірлік дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдылары арасындағы байланыс жастарда қиындыққа мойымайтын кез келген жағдайда оң шешім қабылдай білетін тұлғалық қасиеттерін дамытуға септігін тигізуде. «Өзің қалаған дүниені ертеңге қалдырмай бүгін жаса!» демекші, жас талапкерлерді «бала» демей, қазірден бастап тұлға ретінде қалыптастырар болсақ, онда оның болашағы зор деген сөз.
АҚПАРАТ
14 қаңтар 2019 г.
421
0
Өткен жылы ғана облыс орталығы болған қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдық мерейтойларына орай халықаралық форум өтті.
РУХАНИЯТ
14 қаңтар 2019 г.
376
0
Сырдарияның теңізге құярлығында осындай бір момын ауыл бар. 150 түтіннен асар-аспас, мыңға жетпейтін халық қоныс тепкен. Жай жатпағаны белгілі, тірлігін тиянақтап, өзінше қарекет етуде. Бұл ауыл 1974 жылы өз алдына кеңшар болып құрылғанша Карл Маркс совхозының (қазіргі Бекарыстан би) бөлімшесі болған. Ол кездегі Карл Маркс Қазалыдағы маңдайалды шаруашылық, күріш егумен айналысқан айтулы ел.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қаңтар 2019 г.
1 278
0
Ұлт жоспарының «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру» атты 33-қадамын іске асыру мақсатында Президент Жарлығымен 2017-2019 жылдарға арналған«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың Кешенді стратегиясы» бекітілді.
АҚПАРАТ
14 қаңтар 2019 г.
344
0
Өткен жыл соңында тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсету мақсатында облыс орталығында 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылған болатын. Анығын айтқанда, тұрғындар төтенше жағдай бола қалған жағдайда бір ғана нөмірге хабарлап айта алады.
ЖАРНАМА
14 қаңтар 2019 г.
1 690
0
Ғылым мен техникада ғаламат жаңалықтар ашылып жатыр. Жерді жүлгелеп, аспанға сапарлап кеттік. Ай Алматы, Марс Мәскеудей-ақ болып қалды.Бірақ, ғылым адам бет-аузының қыртысын жазып, қызылын ойнатып әлек болса да, өмір жасын ұзарта алмай әуреленіп келе жатыр. Себебі, әр адамға Алла тағаланың өлшеп берген өз ғұмыры бар.
ЖАРНАМА
14 қаңтар 2019 г.
861
0