« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордалық білім беру ұйымдарының басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары үшін жекелей жауапкершілікке тартылуы жөнінде келісімге қол қойды.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында Сыр өңірінде «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, биыл жыл басынан өз жұмысын бастады.
Жобалық кеңсе қызметінің негізгі бағыттарының бірі - түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізуболып табылады. Жобалық кеңсенің түсіндірме жұмыстары білім саласынан басталды.
Білім беру саласының таңдалуы бекер емес. 2017 жылы аймақта білім саласында 15 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс орын алып, салалар арасында алғашқы үштікке енген болатын. 2018 жылы саладағы профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыстар 40 пайызға төмендеп, 9 қылмыс орын алған.
Дегенмен, соңғы жылдары білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың алғашқы бестігінен түспей отыр.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Облыстық білім басқармасына қарасты барлық колледждер мен мектептердің басшылары қатысқан кездесуде білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарының басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің құқықбұзушылықтары үшін жекелей жауапкершілікке тартылуы жөнінде келісімге қол қойды.
Білім ошақтарының басшылары жекелей жауапкершілікке қол қою арқылы қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыстарынжасаған жағдайда ҚР заңнамаларында көзделген тәртіптік және басқа да жауапкершілік көтеруге, тамыр-таныстық фактілеріне жәнекомандалық ауысуға жол бермеуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруғаміндеттенді.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев "Келісім негізінде директорлар білім мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етуді және қызмет бабын пайдаланып қызметкерлерден, ата-аналардан, студенттерден сый-сияпаттар алмауды, ақша жинау фактілерін болдырмауды жекелей жауапкершіліктеріне алады. Сонымен қатар, колледждерде сессиялардың таза өтуі қатаң бақылауда болады», - деді.
Өз кезегінде жобалық кеңсе Сыр өңіріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жұмыстарды қарқынды жүргізіп, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыратын болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |