Елбасы қай кезеңде де халыққа арнаған Жолдауында мемлекетіміздің алдында тұрған айқын міндеттерді айшықтап, жаңа бастамаларға тың серпін беретіндігінің куәсі болып келеміз. Биылғы Жолдауға халық ықыласы, соның ішінде педагогтар қауымының ризашылығын тудырған «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, келесі жылға дайындау қоғамның қажет етіп отырған мәселесі деп білемін.
АҚПАРАТ
18 қараша 2018 г.
621
0
Шиелі ауданы – облысымызда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қатар өркендеп келе жатқан өңір. Өзіндік ерекшеліктерге ие. Аудан орталығы Шиелі кентінен теміржол және автомобиль жолының жақын өтетіндігі, қарт Қаратау мен Сыр өзенінің жақындығы да өңірдің табиғи ресурстарын молайта түсетіндігі түсінікті. Сондай-ақ, аудан орталығына ауылдық округтер мен елді мекендердің таяу орналасуы, сауда-саттыққа, басқа да орта және шағын кәсіпкерліктерді өрістетуге жол ашып келеді. Осында мекен ететін тұрғындар базарлы қатынасқа ерте бейімделіп, өз кәсібін өрістете түсуімен тұрмыстық жағдайын да жақсартып отыр.
АҚПАРАТ
18 қараша 2018 г.
562
0
Жаңа жылдан бастап 6 кәсіпорында жалақысы төмен 600-ге жуық қызметкердің еңбекақысын көтеру жоспарланды.
АҚПАРАТ
18 қараша 2018 г.
637
0
Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында құқық қорғау органдарында түбегейлі өзгеріс енгізу қажеттігін айтып, саланы жаңғырту бойынша «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Қолға алынатын реформада құқық қорғаушыларды дайындайтын жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін өзгерту, қызметкерлердің жұмысын сервистік модельге ауыстырып, қайта аттестаттаудан өткізу секілді мәселелер қамтылған. Сонымен қатар мұнда штатты оңтайландырып, үнемделген қаражатты жалақыны көбейтуге, полицейлерді тұрғын үймен қамтуға бағыттау жайы шет қалмаған. Құнды құжаттағы осы және өзге де басымдықтар жөнінде облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев пен ҚОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев тарқатып айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қараша 2018 г.
727
0
Қызылорда облысының әкімдігі мен мәслихаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және облыстық қоғамдық кеңес Қармақшы ауданындағы жол-көлік оқиғасында қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қараша 2018 г.
614
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚОҒАМ
18 қараша 2018 г.
830
0
Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қатты болатынын айтып отыр. Қазірдің өзінде ызғар сезіледі. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы әлі 20 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 10 градусқа дейін төмендейтін көрінеді. Қыстың күндері жауын-шашын мөлшері әдеттегідей болмақ. Тек қаңтар айында Сібір антициклонының орнауына байланысты еліміздің көптеген өңірінде қар аз жауады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қараша 2018 г.
732
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың қатысуымен өткен брифингте Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарының медициналық көмекпен қамтылуы жөнінде баяндалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қараша 2018 г.
654
0
Бүгінгі жастар жемқорлықсыз қоғам құруды қалайды. Олар жемқорлықпен күресудің нәтиже беруі мүмкін барлық жолдарын ұсынып, белсенділік танытып келеді. Осы ретте облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жас отан» жастар қанатымен бірлесіп, пікірсайыс алаңын өткізді.
АҚПАРАТ
18 қараша 2018 г.
566
0
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алтынай Әбдіжәміл жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында фитонцидтерге бай жабайы өсімдіктерді көркейту-көгалдандыруға пайдалануды ұсынады. Облыстағы жабайы өсімдіктердің салыстырмалы фитонцидтік белсенділігін эксперимент арқылы зерделеген жас зерттеуші аймақтың климаттық жағдайына төзімді, экономикалық тұрғыдан тиімді, туберкулез таяқшасына және басқа да патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады.
ҚОҒАМ
18 қараша 2018 г.
765
0