БАЙҚОҢЫР: Қазақстан азаматтарына медициналық көмек қолжетімді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың қатысуымен өткен брифингте Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарының медициналық көмекпен қамтылуы жөнінде баяндалды.

–    2009 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төре­­там мен Ақай кенттері тұр­ғындарына медициналық қыз­мет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы» хаттамасына ратификация жасалды.  Осы хаттаманың 3-бабы, 4-тармағына сәйкес, қа­зақстандық азаматтарға ме­ди­­циналық көмекті заңна­ма­ға сәйкес, еліміздің меди­ци­на­лық ұйымдары көрсетеді. Со­нымен қоса, тегін меди­ци­на­лық көмектің кепілдік беріл­ген көлемі шеңберінде фе­де­ралдық медициналық ұйым­­­дар ауруханалық (жедел, хи­рургиялық, балалар, жүкті әйелдер, инфекциялық аурулар, туберкулез) және жедел жәрдем түрлерін көрсетеді, – деді бас­қарма басшысы.

2016 жылы Байқоңыр қала­сында қазақстандық меди­ци­налық ұйым – облыстық медицина орталығының филиалы ашылғаны белгілі. Бүгінгі күні мұнда тәулік бойына 60 төсек және 20 төсекке арналған күндізгі стационар жұмыс жасауда. Бұл ұйым Байқоңыр қаласына ғана емес, іргедегі Төретам, Ақай елді мекендеріне, Арал, Қазалы, Қармақшы аудан­дарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ашылғалы бері мұнда 1645 науқас ауруханалық, 884 науқас күндізгі бөлімшеде ем алған.

Биылдан бастап аталған фи­­лиалда емхана ашылып, осы уақытқа дейін Ресей ме­ди­циналық ұйымдарынан қыз­мет алып жүрген 21 мың­нан астам қазақстандық азамат тіркеліп, көмек алуда. Қазіргі таңда филиалда 11 аймақ ашылып, жалпы тә­жірибелік дәрігерлермен қам­тылған. Сондай-ақ, ЛОР, педиатр, терапевт, травматолог, психиатр, балалар хирургі секілді мамандармен жасақталған. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 188,9 млн теңге бөлінсе, жер­гілікті бюджеттен 64 млн теңге қаралып, оған қажетті құрал-жабдықтар алынған.

– Тегін медициналық кө­мек­тің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018-2019 жылдарға сұраныс берілді. Қазіргі таң­да науқастар қажетті дәрі-дәр­мектермен толығымен қам­­­тылуда. Сұраныс жасарда ратификациядан кейін тір­келетін диспансерлік есепте тұратын науқастар да ескерілді. Соны­мен бірге, ратификациядан кейін психикалық ауруы бойынша есепте тұра­тын қазақ­стандықтардың тізімі берілді. Балалар амбула­ториялық дең­гейде тегін дәрі-дәрмекті қажет етпейді, оларға емхана деңгейінде оңалту жұмыстары жүргізіледі, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар басқарма басшысы алдағы уақытта Ақай, Төретам тұрғындарына көр­сетілетін мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Төретам емханасы мен Ақай ауылдық ауруханасын ОМО филиалына қосу, келер жылдан бастап хирургия, кардиореабилитация бөлімдерін ашу, филиалға КТ аппаратын сатып алу және емханадан жедел медициналық көмек бөлімін ашу жұмыстарының атқарылатынын айтып, Бай­қоңырдағы қазақстан­дықтар­дың медициналық көмек алуына ешқандай кедергілердің жоқтығын алға тартты.

Айнұр БАТТАЛОВА

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2018 г. 644 0