« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында құқық қорғау органдарында түбегейлі өзгеріс енгізу қажеттігін айтып, саланы жаңғырту бойынша «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. Қолға алынатын реформада құқық қорғаушыларды дайындайтын жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін өзгерту, қызметкерлердің жұмысын сервистік модельге ауыстырып, қайта аттестаттаудан өткізу секілді мәселелер қамтылған. Сонымен қатар мұнда штатты оңтайландырып, үнемделген қаражатты жалақыны көбейтуге, полицейлерді тұрғын үймен қамтуға бағыттау жайы шет қалмаған. Құнды құжаттағы осы және өзге де басымдықтар жөнінде облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев пен ҚОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев тарқатып айтты.
– Жүргізіліп жатқан оңтайландыру жұмыстарының аясында Ішкі істер министрлігінің 16 қазандағы №721 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің атауы Қызылорда облысының полиция департаменті болып өзгертілді. Құқық қорғау органдары жұмысын түбегейлі жақсартатын әлеуетті реформа да дайындалып жатыр. Ол келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Оның негізінде жұмыс жаңа сатыға көтеріледі деген сенімдеміз. Халық арасында адам саны ең көп құрылым полиция екені жиі айтылады. Осы орайда құқық қорғау қызметкерлерінің баспаналы болу мәселесінің шешілуі, жалақы мөлшері көңіл көншітпейтіні рас. Ал Президент айтқандай, жаңғырту жөніндегі жұмыстар алдымен осы мәселелерді шешуден басталса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапасы да артуы мүмкін. Қазір облыстың өзінде 800-ге жуық полиция қызметкері баспанаға мұқтаж. «Ішкі істер органдары» туралы Заңға сәйкес, үйі жоқ қызметкерлер қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтылуы тиіс, – деді Ғани Өтепұлы.
Ал ҚОПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев мансаптық ілгерілету, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесіне қатысты пікір білдірді. Жаңадан қабылданған қызметкерлерге жаңа талап қойылатынын жеткізіп, тұрғындармен жұмыс жасаудың форматы өзгеретінін хабарлады. Оның айтуынша, енді барлық полиция бөліністерінде азаматтарды қабылдайтын арнайы фронт-офис ашылады. Бұл офис ХҚКО үлгісінде қызмет ұсынбақ. Фронт-офисте арнайы іріктелген кеңесші-қызметкерлердің көмегіне жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |