Берекелі күз мезгілінің жазға бергісіз тамылжыған күнінде еліміздегі ауыл атаулыға үлгі болған Сырдария ауданының Н.Ілиясов атындағы ауылына жол тарттық. Бұрынғылар «кемпіршуақ» деп атайтын жаймашуақ кез осы шығар. Адамды жан тыныштығына бөлейтін мәуелі мезеттің өзіне тән барлық бояуы айналаның ажарын кіргізіп, айқындала түскен.
ЖАРНАМА
27 қыркүйек 2018 г.
3 003
0
Дария бойындағы қазақтардың Қамысқала атты елді мекені 1817 жылы Қоқан хандығынан қорғану үшін салынған бекініс болатын. 1818 жылы жұртшылық жаңа бекіністі алыстан көрінетін мешітке байланыстырып, Ақмешіт деп атап кетті.
Тарих
27 қыркүйек 2018 г.
4 100
0
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қазақстандықтардың орташа жасын көтеруге байланысты кешенді шаралар тұрақты жүргізілуде. Ұзақ жылғы жұмыс нәтижесіз де емес. Бұл тұста сапалы медициналық қызмет көрсететін емдеу орындарының үлесі айқын екенін айту керек. Солардың бірі – Байқоңыр қаласындағы аурухана жанынан ашылған емхана. Байқағанымыздай, жұлдызды қалашықтағы емханада тұрғындар толық медициналық тексеруден өтіп, тегін берілетін дәрі-дәрмекке, көрсетілетін ауқымды қызметке қол жеткізуге мүмкіндік алған. Бұл Елбасы Жолдауындағы «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс» деп жүктеген тапсырмасының қолға алынғандығының көрінісі.
Денсаулық
27 қыркүйек 2018 г.
1 004
0
Баяу... Баяу ағып жатыр... Бүгін баяу ағып жатқан Сырдарияның жағасында тұрмын. Сарыарқаның күзгі қоңыр салқыны ұра бастаған Астананың бойыңды тоңазытар кешегі кешінен кейінгі Сырдың мына жағасындағы жайлы рай жанымды әлдебір ой арнасына салатындай...
ТАҒЫЛЫМ
27 қыркүйек 2018 г.
1 215
0
Телефон азаннан шырылдап бебеу қақты. Трубкасын құлағыма апарар-апармастан:– Бұл, Шыңғыс ағаның үйі ме? – деген бейтаныс үн естілді.– Иә, Шыңғыс ағаның үйі.– Тыңдап тұрған кім екен?– Сол ағаңның өзі.– Мен Қызылорда қаласынан телефон шалып тұрмын. Сәкеңнің, Сейілбек Шаухаманов ағаның аттанып кеткенін айтуға мәжбүр болып тұрғаным...
ТАҒЫЛЫМ
27 қыркүйек 2018 г.
964
0
Бұрындары ауылдан қалаға келген қазақ баласы орысша білмегеніне налитын. Қазір мүлде өзгеше, көпшілік ұл-қызының ағылшын тілін меңгеруін де қажет санайды. Себебі, жеті жұрттың тілін білуді әуелден мақсат еткендерге болашақтың есігі ашық. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетіндер өз елінде де, шетте де бәсекеге қабілетті жанға айналады. Осыны ескерген қалалықтар баласының бос уақытын түрлі тіл оқыту курстарында өткізуді дағдыға айналдырған. Ал ауылдық жерде қосымша дәріс алуға мүмкіндік беретін мұндай орталықтар тапшы. Бірақ, «Жас Отан» ЖҚ мен «Болашақ» қауымдастығы жаңа жоба арқылы елімізде аталған кемшіліктің орнын толтыруды мақсат етіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ төрағасы Талғат Тілес хабарлады.
АҚПАРАТ
27 қыркүйек 2018 г.
500
0
Киелі Сырдың жүрегі – Қызылорда қаласының қос ғасырлық мерейтойы апта басынан алуан шарамен әрленіп келеді. Сәтін салса, осы сенбіде, ат баптап, арғымақ мінген арда қазақ той тартуының ерекше сыйына куә болғалы тұр. Күні бұрын дүйім елге дақпырты жеткен бұл аламанның «алды кім болар екен?» деген сыншылар сөзі көптен бері әлеуметтік желіде желдей есуде. Ұлттық өнердің төре түріне бұлайша қызу алған қоғамдық пікір тектен-тек емес. Өйткені, бұл – қазақтың дара дәстүрі, жігер-намысы!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2018 г.
955
0
Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм ауылының тұрғыны Қарлығаш Жақыпованың мамандығы мұғалім, алайда ол ауылдастары арасында тігіншілігімен де белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2018 г.
821
0
Қызылорда қаласында анасын балағаттаған азамат сот алдына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2018 г.
692
0
Атмосфералық фронталды бөліктер бұрынғысынша республиканың батысына және солтүстік батысына ықпал етіп, кей жерлерде жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қыркүйек 2018 г.
527
0