Синоптиктер қыркүйектің 27-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті

Атмосфералық фронталды бөліктер бұрынғысынша республиканың батысына және солтүстік батысына ықпал етіп, кей жерлерде жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, түнде оңтүстік өңірде шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таң ата тұман түседі деген болжам бар. Алматы облысында, Жалаңашкөл ауданында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шауды дауыл көтеріледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, кей жерлерде жылдамдығы секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында желдің жылдамдығы снекундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында жылдамдығы 15-20 метр болатын жел соғады. Түнде және күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, облыстарында тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында 3 градус суықта үсік жүреді деп болжанып отыр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қыркүйек 2018 г. 527 0