Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі соңына жетті. Үздік командалар 1/8 финалына жолдама алып, чемпионатты жалғастырмақ. Өз тобының үздіктері енді өзге топ мықтыларымен бақ сынасатын болады.
ДОДА
02 шілде 2018 г.
734
0
Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының үшінші жаңғыруын жариялай отырып, экономиканың жаңа драйвері ретінде қуатты агросектор құру жөніндегі перспективалық міндет-терді жүктеді. Ал ең бастысы, аталған бағытта жаңа мемлекеттік агро-өнеркәсіп кешенін өркендету бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
ТАҒЫЛЫМ
02 шілде 2018 г.
1 043
0
Мына өмірде азаматтық келбеті, үлгі алар адами қасиеті, шешендігі мен іскерлігі қанында бар кісілер болады. Соның бірі – Бақытбек Әбдіқадырұлы Тәуекелов. Бәкең маусым айында 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығады. Қазақ қадір тұтатын пайғамбар жасы ғой, сонымен қатар, талай жыл елге қызмет еткен бейнеттің зейнетке айналатын уақыты. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Осы себеппен Бәкең туралы көңілдегі кең сарайдың есігін айқара ашайын, білгенімді елге айтайын деген ойға келдім.
ТАҒЫЛЫМ
02 шілде 2018 г.
992
0
Қазақ отбасында әже орны ерекше әрі қадірлі. Олар – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-туыстардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы ана, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта бір рулы елге ана болған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда көркем сомдалған.
ТАҒЫЛЫМ
02 шілде 2018 г.
1 285
0
Қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарды жаңа деңгейге шығару қолға алынды. Олардың бір тапсырыстан екінші тапсырысқа дейінгі уақыты өтті, енді әлеуметтік бизнеске бет бұрып, табыс табудың жаңа жолдарын үйренетін болады. Дәл осы мақсатпен елімізде 18 маусымнан бастап «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы іске қосылды.
АҚПАРАТ
02 шілде 2018 г.
535
0
Әрбір азамат өзінің қызметін адал атқарып,туған елінің шынайы патриоты болғанда ғана қуатты мемлекет құрылады. Елге адал қызмет ететіндер де, керісінше, теріс қылық жасайтындар да бар. Содан болар, халық несібесі мен ел қазынасына қол салатындардан арылу барлық мемлекеттің өзекті мәселесіне айналып отыр.Бұл тұрғыда елімізде арнайы заңдар қабылданып, жүйелі бағдарламалар жүзеге асуда.Тіпті, сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттің алдын алуға көмектескендерге үкімет тарапынан арнайы сыйақы да қарастырылған.Олардың қауіпсіздігі заңмен қамтамасыз етілген.
АҚПАРАТ
02 шілде 2018 г.
608
0
Астана қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа Қызылорда облысынан 2 команда қатысып, жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 шілде 2018 г.
506
0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 шілде 2018 г.
671
0
Қызылорда қаласындағы "Сұлтан Плаза» қонақ үйінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу бойынша шартты өрт алтыншы қабатта орналасқан №606 бөлмеде орын алды. Өрт қабат бойынша тез таралып, қою түтіннің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Нысанның әкімшілігі шартты өрт туралы «101» телефонына хабар берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 шілде 2018 г.
524
0
Қызылорда облысының әкімдігі Еуразия экономикалық одағы Парламентаралық ассамбеясының жанындағы университетпен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында Еуразия экономикалық одағының (ЕуразЭО) Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет қызылордалық мектеп бітірушілерге жыл сайын білім гранттарын бөлетін болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 шілде 2018 г.
588
0