« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда қаласындағы "Сұлтан Плаза» қонақ үйінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу бойынша шартты өрт алтыншы қабатта орналасқан №606 бөлмеде орын алды. Өрт қабат бойынша тез таралып, қою түтіннің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Нысанның әкімшілігі шартты өрт туралы «101» телефонына хабар берді.
Өткізілетін оқу-жаттығудың негізгі міндеті өрт сөндіру бөлімшелерінің күш пен құралдарын нысанның күзет қызметі қызметкерлерімен өрт сөндіру кезінде іс жүзінде әрекетін пысықтау, адамдарды эвакуациялау және құтқару.
Өрт-тактикалық жаттығу барысында жоғары қабаттардан зардап шеккендерді құтқару бойынша газ-түтін қорғау буындарының жедел іс-әрекеттері жүргізілді. Құрылған оқиға орнында жедел штаб шартты өрт сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің әрекеттерін басқарды.
Оқу-жаттығу өрт сөндіру қызметінен 53 қызметкер және 11 бірлік техника, ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы, ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы, Жергілікті полиция, жедел медициналық көмек, қалалық электр торабы, газ қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Мұндай жаттығулар адамдардың бағалау дайындығын және қажет болған жағдайда, көмек көрсету үшін өткізіледі, -деп Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимов қорытындылады.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |