Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 шілде 2018 г.
398
0
«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» деген аталы сөз бар. Астарынан адамгершілік аталатын ұлы ұғым есіп тұрғаны айтпасақ та белгілі. Оған қоса сауапты істі ұрпағының бойына сіңіруге тырысқан бабаларының жомарттық, мәрттік дағдыны да ту көтерген. Бүгінгі әңгімемізге арқау жеке кәсіпкер Берік Жандәулетов – дәл осындай жомарт жүректі азаматтардың бірі. Сонау тоқсаныншы жылдардың бас кезінде Ақтөбедегі құрылыс колледжін бітірген Берік еңбек жолын жеке кәсіпкер ретінде бастаған болатын. Бұл кезең егемендікке жаңа қолы жеткен еліміздің экономикасы шатқаяқтап жатқан шағы еді. Қиындығы жалпақ жұртқа тұтас білінген өліара мезгіл біздің кейіпкерімізді де айналып өтпеді. Қиналды, талай мәрте торықты да. Алайда кездескен кедергілер жігерін жасыта алмады. Керісінше, қайрауы келіскен шарболатша шыңдалды. Ақыры сең қозғалды. Берік басқарған «Жұлдыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке тұлғаларға несие беріп, шаруасын дөңгелентуге септігін тигізді. Жылдар өте Арал қаласынан монша құрылысын іске қосса, бірнеше жерден май құю бекеттерін ашты.
АҚПАРАТ
17 шілде 2018 г.
510
0
Дана халқымыз «Асыл туған адамның баға жетпес нарқы бар» деген нақылды бекер айтпаған. Биыл осы бағаға әбден лайық азамат, өмір-өзенінің асау толқынымен алысып, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған, жиырма екі жыл үзбестен Тереңөзек (бүгінгі Сырдария ауданы) және Жалағаш аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, халқының нағыз қайраткер перзенті атанған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың үстіміздегі жылы туғанына 95 жыл толып отыр.
ТАҒЫЛЫМ
17 шілде 2018 г.
1 745
0
Қазіргі таңда бiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Оның басты сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Алайда күрмеуі қиын мәселелер де жоқ деп айта алмаймыз. Соның ең бастысы – сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде оның алдын алу, болдырмау үшін арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
ҚОҒАМ
17 шілде 2018 г.
714
0
«Бала тілі – бал» деп бекер айтылмаған. Кішкентай баланың тілі енді шығып, былдырағанда қызық көріп сөйлететініміз бар. Алайда соңғы кездері баланың тілі кеш шығуы жиілеп барады. Бұған денсаулық сақтау саласының мамандары да алаңдаушылық білдіріп отыр. Әлбетте, баланың сөйлеу қабілетіне кері әсер етіп, оны бұзатын себептер көп. Бала құрсақта жатқанда анасының жиі ауруы, ұзақ уақыт емізік емген бала таңдайының дұрыс қалыптаспауы, қорқып секем алудан тұтығу пайда болуы секілді себептер тізіледі.
ЖАРНАМА
17 шілде 2018 г.
3 510
0
Ресейдегі футбол аламаны да өз мәресіне жетті. Әлем чемпионы анықталды. Жеңіске пара-пар ойындар, соңғы минуттарда соғылған голдар, сенсациялық нәтижелер, алаңдағы қуанышқа, өкінішке толы сәттер – бәрі де артта қалды. Талайдың делебесін қоздырған әлемдік доп додасы кезінде небір қызықты жайттар болды. Солардың бірқатарын тағы да бір еске түсіріп өтелік.
ҚОҒАМ
17 шілде 2018 г.
687
0
Бизнес – береке бастауы. Сонымен бірге кәсіпкерлік мемлекеттің тірегі, қозғаушы күші саналады. Сондықтан да қазіргі таңда өз ісін бастағысы келетін тәуекелшіл жандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Өз ісін өркендетем дегендерге көмек қолын созатын түрлі ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде. Соның бірі – «ҚазАгроКепіл» АҚ. Осы мекеменің облыс бойынша өкілдігінің директоры Айдос Жылқайдаровпен компанияның жұмысы туралы әңгімелесудің сәті түскен еді.
Cұхбат
17 шілде 2018 г.
1 361
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелер талқыланды. Оның алғашқысы облыс әкімінің 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспарының орындалу барысына арналып, ол туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова хабарлама жасады.
ҚОҒАМ
17 шілде 2018 г.
969
0
Бір ай бойы әлемді дүбірге бөлеген футбол тойы мәресіне жетті. XXI ғасырдағы XXI Әлем чемпионаты тарих қойнауына сүңгіді. Бірақ қызығы мен шыжығын ел назарына айта жүретіндей қалдырып кетті. Финалда хорваттарды жеңген Франция футболшылары Әлем чемпионы атанды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 шілде 2018 г.
645
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады.Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банктің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары жөнінде есеп берілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 шілде 2018 г.
648
0