Кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» құралы аясында Қызылордада оқи алады

Кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» құралы аясында Қызылордада оқи алады

Біз кәсіпкерлерге кеңес беру айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы «Іскерлік байланыстар» құралына қатысты болмақ. Бізге кеңесті Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжан береді.
Cұхбат 24 шілде 2018 г. 1 286 0

Қызылорда қаласына – 200 жыл

  Бекініс 1853 жылға дейін «Ақмешіт» аталып, орыс басқыншыларының келуімен генерал В.А.Перовскийдің құрметіне форт «Перовск» деп аталды. Ақмешіттің іргетасының қалану уақыты жөнінде екі түрлі пікір қалыптасқан.
АҚПАРАТ 24 шілде 2018 г. 1 101 0

Жауынгер және жарқын із

Шиелілік  Арыс Айсалыұлы Мизамбаев майданға 1942 жылы алынады. Үш ай әскери дайындықтан өткен соң, Орталық майдан құрамында Смоленск қаласын азат етуге аттандырады. Орталық майдан құрамаларының жауынгерлері  10 -гвардиялық армия қатарында, басқа құрамалармен бірге Смоленскіні неміс фашистерінен азат етті. Арыстың ротасы да бұл іске өз үлестерін қосты. Мұнан соң Украина майданына жіберіледі.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 1 340 0

Ел білетін Ерсұлтан

«Іздеп келер інің бар болса,Бақытың барын содан біл.Аңсап келер ағаң бар болса,Әруағың барын содан біл. Аларды біліп, бермегеннен без,Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.Үйіне қонақ қонбағаннан без,Көптің айтқанына болмағаннан без.»Төле би
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 738 0

КЕҢ ДЕ, КЕМЕЛ ҚАРИЯ

 Ілгергілер айтып отырушы еді, «Адамды екі нәрсе қартайтпайды; бірі жақсы мінез, екіншісі-жақсы сөз», деп. Сол айтпақшы, Әбдіхалық ағамыздың құрыштан құйылғандай денесі бұл күндері сәл-пәл еңкіш тартып, аздап ет қашқаны болмас, жанары баяғыдай өткір, сөзі нық, ісі бекем күйде. Бұл жаратушының берген қасиеті мен жақсы қартая білуінің белгісі болар. Сексен сегіз жасыңыздың биігіне көтерілген сүйегі асыл, жаны жайдары жан әңгімелесе қалсаңыз, ауыл-үйдің уақ әңгімесін емес, елдік тұрғыдағы, қоғамға қажетті қағидаттарды түйіп-түйіп ортаға тастайды. Өз пікірін күлкілдетпей, ашық та, сауатты жеткізуімен бірге, қағаз бетіне де түсіріп отыратын бейнеткіштігі де бар. 
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 835 0

Мен – майдангердің ұлымын

Міне, уақыт түн ортасынан асты. Жаңа тәуліктің алғашқы минуттары да басталды. Ұйқым келер емес.Кеше (нақтысы мұнан бірнеше сағат бұрын) кешкілік өзіміз туып – өскен батыр атамның ауылынан Мака досым қоңырау шалып, папасының (санамызға осы сөздің сіңісті болғаны соншалықты әке деп айту керек екендігін білсекте аузымыз үйренген папа – мамаға кетіп қала береміз.Бұл үшін кешірім өтінемін. Алайда бұл турасына келгенде тек біздің кінәміз ғана емес. Сол тұстағы қоғамның да дерті ғой деп өзімізді жұбатқан болаиыз) қайтқан күніне байланысты құран бағыштататынын айтып, ішінде болуымды өтінді. Санама ұстаздардың ұстазы атанған досымның әкесі Күлімбет Тілеубергенов ағайдың бейнесі оралғанда, тамағыма өксік тығылғандай болды. Көз алдымнан топырағына аунап өскен ауылым,  елді мекеннің береке – құтындай Ащыкөл,  өзіміз білім алған алтын ұя мектебіміз,  омырауында ордень – медалдары жарқыраған мұғалім әкем, анам жұмыс істеген дөң басындағы дүкен, үйректің балапанындай шүпірлеген өңшең қарасирақтар өсіп – өнген қасиетті қарашаңырағымыз ...бәрі – бәрі сырғып өтіп жатты.
АҚПАРАТ 24 шілде 2018 г. 511 0

СЫЙЛАСТЫҚ (эссе)

Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бір көршісі терезе тұсына ылғи қоқыс тастайтын болыпты. Сол көршісі үйреншікті әдетінен жаңылды ма, әйтеуір, бірер күн қоқыс тастамаймын болыпты. Бұған таңырқаған пайғамбарымыз «бұған не болды, менің тереземнің тұсына қоқыс тастамайтын болды ғой» деп үйіне барса керек. Сөйтсе, әлгі көршісі қатты сырқаттанып кәлимаға тілі келмей о дүниеге аттанғалы жатқанын байқаған пайғамбарымыз дұғасын оқып, көршісін соңғы сапарға шығарып салуға белсене атсалысып, көмек көрсеткен көрінеді. Міне, мұнда «ұлық болсаң – кішік бол, бәріне кешірімен қара» деген пиғыл жатқан жоқ па?! Осы орайда талантты ақын Ибрагим Исаның «Кешіріммен көкжиегің кеңейді, кешіріммен тас жүректер ериді» деген сөзі еріксіз ойға оралады.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 2 353 0

Кубада болған Әділбек (Немес Куба дағдарысы туралы не білеміз?)

Бүгінгі біздер аға буынның өкілдері өзіміздің өмір сүрген қоғамымыздың сәбие болып ер жеттік. Әріні айтпағанда халқымыздың басына күн туған, ер етікпен су кешкен ат ауыздықпен су ішкен Ұлы Отан Соғысының алғашқы жылдарында дүниеге келген біздердің заманына қарай адамы дегендей, біздерді де заман маңдайымыздан сипаған жоқ. Соғыстан кейін халықшаруашылығының ауыр жағдайы, қоңторғай тұрмыс біздерді еркелетіп, балалықтың балдәуренін көріп өсуге тағдыр жазбаған ұрпақ болып өстік. Ауыл балалары мектепті бітіргенше үш-төрт мектепке қатынап, туыс-таныстарымыздың үйінде жатып оқып, білімнің негізі бастауыш мектепте болса да толық қанды білім ала алмай орта мектепті бітірдік.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 966 0

МАЙДАНГЕР МАХАМБЕТОВ

Жаз жайлауы. Жапан түзде жалғыз шопан үйі. Алыстан қара көрінсе кең дүниеде не жаңалық бар екен деп елеңдеп отырамыз. Түс ауа сағым ойнаған сар даладан қою шаң көрінді. Дала баласы мал  мен машинаның шаңын тез айыра қояды.Тек бастықтардың тақымында ғана болатын Газ-66 біздің үйге қарай жүйткіп келеді. Даланың «сымсыз телефоны» басқарма төрағасының малшы ауылын аралап шығатынын бірнеше күн бұрын жеткізген болатын. Біріміз жез самаурынды далаға ала жүгіріп, көрпе төсек салынып, құман, шылапшын, сүлгімізді сайлап әбігер шектікте қалдық.    
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 612 0

ТМККК пен МӘМС жүйесінің медициналық пакеттер

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті мемлекет басшысының биылғы жолдаудағы тапсырмасы негізінде оңтайландырылып жатыр. Тегін медициналық көмектің жаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қоғамдық мәні бар ауруларды мемлекеттік бақылауға алуға негізделген.
АҚПАРАТ 24 шілде 2018 г. 752 0