ЖАҢҒЫРҒАН ДӘСТҮРДІҢ ТАБЫСТЫ ЖОЛЫ

ЖАҢҒЫРҒАН ДӘСТҮРДІҢ ТАБЫСТЫ ЖОЛЫ

Бүгін және ертең Жаңақорған ауданында малшылар слеті өтеді. 2015 жылдан бастап қайта жаңғырған игі дәстүр атакәсіптің жан-жақты дамуына үлкен дем беріп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне жүгінсек, соңғы жылдары мемлекеттік қолдаулардың арқасында мал шаруашылығында тұрақты даму тенденциясы қалыптасып, агроөнеркәсіп кешеніне салынып жатқан инвестиция еселеп өсуде. Соңғы 5 жылдың өзінде салаға тартылған инвестиция 23 есеге ұлғайған. Ал облыста мал басы, өткен ғасырдағы ең көп болған уақыты – 1993 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 29,6%, жылқы – 50,4%, түйе саны 52,5%-ке көбейген. Оның ішінде, соңғы 5 жылда ұйымдастырылған шаруашылықтарда ет өндіру 2,7 есеге көбейсе, сүт өндірудің өсімі 1,6 есеге артты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2018 г. 613 0

ИГІЛІГІ ОРТАҚ БИЗНЕС ОРТАЛЫҚ

Кеше көптен күткен кәсіпкерлік нысанның бірі – «Prima Park» бизнес-орталығының ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, барлық заманауи талаптарға сай орталық жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, биыл облыста кәсіпкерлікті қолдау жылы екендігіне тоқталып, шағын және орта бизнесті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасы толықтырылатынын, бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттің өсуіне ықпал ететінін жеткізді. Ғимараттың техникалық сипаттамалары турасында нысанның бас құрылысшысы, «Орда Строй холдинг» ЖШС басшысы Мейрамбек Есенғожин тарқатып айтты.
АҚПАРАТ 11 мамыр 2018 г. 435 0

ТАРИХИ ШАЙҚАС КУӘГЕРІ

Сталинград шайқасы – тек екінші дүниежүзілік соғыстағы ғана емес, адамзат тарихындағы ең ірі шайқас саналады. Ол 1942 жылдың 17 шілдесі мен 18 қарашасы аралығын қамтыған қорғаныс және  1942 жылдың 19 қарашасы мен 1943 жылдың 2 ақпаны арасындағы шабуыл кезеңдерінен тұрады.  Сталинград шайқасы аяқталғанда дүние есігін ашқан сәбидің өзі бүгінде 75-ке келеді екен. Олай болса сол сұрапылдың куәгерін көру  тіптен мүмкін емес секілді. 
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 774 0

ӘСКЕРИ АНТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАБЫЛДАҒАН ЖАУЫНГЕР

Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз Сәрсенбек Байжанов 9 мамыр күні 95 жасты еңсерді. Өмірлік қосағы Жәмила апа Сейтжанқызы екеуі 10 баланы тәрбиеліп, ұлды-ұяға, қызды қияғы қондырды. Немере сүйіп, шөбересінің қолынан су ішті. 
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 658 0

ЕКІ МАЙДАННЫҢ БАТЫРЫ

Қиын-қыстау заманда иығына қару асынып, ерлікпен шайқасқан батырларымыздың қай-қайсысы да құрметке лайықты. Сұм соғыста қан кешіп, Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің бірі – Мақсұт Сырғалиев. Ол қос бірдей соғысты көрді. Атқыштар дивизиясы сапында неміс басқыншыларына қарсы батыс майданындағы шешуші шайқастарға қатысып, жауды шегіндірді. Соғыс аяқталған тұста Қиыр Шығысқа шекара күзетуге аттанды. Жапондарға қарсы жүргізілген кескілескен ұрыста Жеңіс туын желбіретіп елге оралды.
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 686 0

РЖЕВТЕ ЖЕРЛЕНГЕН СҰЛУТӨБЕЛІК САРБАЗ

Даңқты қолбасшы Суворовтың «Соғыс соңғы сарбаздың мүрдесі табылып, жерленбейінше аяқталмайды» деген сөзі бар екен. Жеңістен кейінгі жетпіс үшінші көктем туып, жер әлем осынша рет қайта жаңарса да, майданнан қайтпаған боздақтарды іздеу толастар емес. Бұл мехнатты тірлікті атқаруда Ресейдегі іздеу отрядтары көп іс тындырды. Туған жердің топырағы бұйырмаған қаншама майдангердің дерегі табылды.Нұрмағанбет Әбдіреевтің Сұлутөбеден майданға аттанғаны оның туған бауыры Раушанбектің еміс-еміс есінде. Алматыдан дайындықтан өткен соң соғысқа  кететіні туралы хабарды естігенде анасы Қызылордаға жолға жиналды.
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 621 0

ЖАУЫНГЕР ЖАЛҒАСБАЕВ

Жұртқа Жеңіс сыйлаған майдангерлер ерлігі біздің жүректерімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы уақыт озған сайын жарқырай бермек.  Тұтқиылдан тиген жауға қарсы соғыста қаһармандық танытқан жерлесіміздің бірі  Әлжан Жалғасбаев еді.
ТАҒЫЛЫМ 11 мамыр 2018 г. 590 0
ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қызылордалық шахматшы Назерке Нұрғали Дуррес (Албания) қаласында өткен шахматтан 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Әлем чемпионатында жеңіске жетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2018 г. 560 0
Кәсібіне адал жан

Кәсібіне адал жан

Мейірбикелік ісі ең бір көзге елене бермейтін, бірақ, өте тынымсыз әрі асқан жауапкершілік пен тиянақтылықты талап ететін кәсіп екенін баршамыз білеміз. Кез-келген емдеу мекемесінде алдымен келушілерді күтіп алатын да осы мейірбике. Екпе салдырсак та мейірбикеге жүгінетініміз тағы бар. Сондайда зыр жүгіріп, келген адамның қас-қабағына қарап, жылы сөзімен де тиянақты ісімен де жаныңа жылу сыйлайтын мейірбикелер көпшіліктің ризашылығына бөленіп, батасын алып жүреді.
ҚОҒАМ 11 мамыр 2018 г. 703 0
Қызылордада жаңа бизнес-орталық ашылды

Қызылордада жаңа бизнес-орталық ашылды

Жергілікті инвестордың қаржысы есебінен Қызылордада 32 бөлмелі қонақ үйі бар «Prima Park»  заманауи бизнес-орталығы ашылды. Нысанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2018 г. 777 0