Қызылордада жаңа бизнес-орталық ашылды

Жергілікті инвестордың қаржысы есебінен Қызылордада 32 бөлмелі қонақ үйі бар «Prima Park»  заманауи бизнес-орталығы ашылды. Нысанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа бизнес-орталықты аралап, аймақта кәсіпкерлікті дамыту үшін ыңғайлы алаңдарды ашу маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, 2018 жыл аймағымызда жаппай кәсіпкердікті қолдау жылы деп жарияланды, өйткені шағын және орта бизнесті дамыту арқылы барлық негізгі мәселелерді (бюджетті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау) шешуге болады. Жергілікті кәсіпкерлердің мұндай жобаларды қолға алғаны қуантады, өйткені бюджетті ұлғайту тетіктерінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту», - деп аймақ басшысы орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

8 қабатты бизнес-орталықтың ғимаратында 32 бөлмелі қонақ үй, 80 автоколікке арналған автотұрақ, және арендалық бөлмелер орналасқан. Орталық директоры Ғани Пірімжановтың айтуынша, ғимарат ішінде коворкинг орталығы мен «open-space» түріндегі 80 және 30 орындық екі конференц-зал қарастырылған. Кешен жылдамдығы жоғары интернет пен ағылшын және қытай тілдеріне ілеспе аударма жүйесімен қамтылған.

Бизнес-орталықтың құрылтайшысы – «Асбол» ЖШС, жоба құны 1,5 млрд. теңге, оның 241 млн. теңгесі «Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие ретінде берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында 2018 жыл Жаппай кәсіпкердікті дамыту жылы деп жарияланған болатын. Аймақта жалпы бюджеті -325 млрд. теңгеден астам «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» кешенді Жол карта жасақталды оның 3 млрд.теңгеден астамы стартап-жобаларға бағытталып отыр.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2018 г. 765 0