ҮРЕЙДІ ЖЕҢГЕН ҮМІТ

Адамзат тарихындағы ең зілді де зұлматты соғыстың артта қалғанына биыл 73 жыл толып отыр. Жеңіс күні – қайыспас қайсарлықтың, табандылық пен батылдықтың, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісіне айналған абырой мен даңқтың мерекесі. Сондықтан майдангер қарттардың ерен ерлігі тарих бетінде алтын әріппен айшықталып қалды.
ТАҒЫЛЫМ 04 мамыр 2018 г. 624 0

«ОН АЛТЫДАН ТӨРТЕУ ҒАНА ОРАЛДЫҚ»

Соғыстың хабары  келгенде он сегізге жаңа толған жас жігіттің балаң көңілі әлі басыла қоймаған еді. Алда алыс жол, асу бермес өткел тұр... Көңіл құрғыр алабұртып, ойы сан-саққа жүгіреді. Артында атамекені – ауылы қалып барады. Туып-өскен ауылын енді қайта көре ме, көрмей ме, белгісіз. Қасында тай-құлындай тебісіп ойнаған, қара нанды бөліп жеген сенімді он бес серігі бар. Енді бәрі бірге бұрын бармаған беймәлім сапарға, ата-бабасы аяғы тимеген жерге аттанбақ. 
ТАҒЫЛЫМ 04 мамыр 2018 г. 645 0

БРАНДЕНБУРГ ҚАҚПАСЫНДАҒЫ ҚОЛТАҢБА

Ерлігі елге аңыз, ертеңге үлгі болған қызылордалықтар қатарында еңбек және соғыс ардагері, медицина қызметінің запастағы капитаны Колесник Любовь Сергеевна да бар. Бүгінде 90-нан асқан қария әлі күнге дейін кітап оқиды. Газет-журнал ақтарып, күнделікті жаңалықтардан қалыс қалмауға тырысады.
ТАҒЫЛЫМ 04 мамыр 2018 г. 621 0

ЕРЛІГІ ҰРПАҚҚА –ҰРАН, ЕЛГЕ – ҮЛГІ

– Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста едім. Мектепте оқып жүрген кезім. Бұл зұлмат күн барлық шаңырақты шарпып жатты. Біздің отбасымызға да оңай соқпады. Себебі, қан майданға алдымен Мәлік ағам аттанды. Онан кейін мен кеттім. Бірақ барлық жанға қасірет әкелген соғысқа өзім сұрандым. Өйткені, менің санамда елімді, жерімді жаудан аман алып қалу ғана тұрды. Отбасымды жасы келген әкем мен ағама табыстап осылайша кете бардым, – деп Әбдірауық ата әңгімесін әріден бастады.   
ТАҒЫЛЫМ 04 мамыр 2018 г. 649 0
КӨРШІ ЕЛДЕГІ КӨНЕНІҢ КӨЗІ

КӨРШІ ЕЛДЕГІ КӨНЕНІҢ КӨЗІ

Әбіш Кекілбай ағамыздай ардақтымыздың «баланың ғұмыры әкенің ғұмырынан бастау алатыны қандай рас болса, біздің бүгінгі ізденістеріміздің де бабаларымыздың бағзыдағы ізденістерінен өрбіп жатқаны сондай даусыз. Ендеше ардақ бабаларымызға көрсететін ең асқақ құрметіміз – олардың әділдік пен ізгілік, жасампаздық пен жарастық жолындағы рухани ізденістерін одан әрі тереңдетіп, одан әрі жемісті өрістете білу болса керек» деген кемел пікірі бар-ды. Бабалар мұрасына деген адалдық қазіргі ұлт ретінде жаңару кезеңінде басты мұратымыз болуға тиіс деген ойдамыз. Әрине, олардан мирасқа қалған мол рухани байлық, яғни өнегелі өмір тәжірибесі, өсиеттері, салдырған ғимараттары мен соқтырған сағаналары да әр жерде шашырап жатыр. Ең берісі, бірқатар айтулы тұлғаларымыздың мүрделері  басқа мемлекеттің иелігіндегі жерлерде қалған...
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2018 г. 695 0
ДӘУІРМЕН ҮНДЕС ДРАМАТУРГИЯ

ДӘУІРМЕН ҮНДЕС ДРАМАТУРГИЯ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  белгілі  драматург - жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам  қайраткері, Сыр перзенті Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына  арналған «Сөз зергері, сын мергені»  атты   шығармашылық  портрет  кеші  ұйымдастырылды.
РУХАНИЯТ 04 мамыр 2018 г. 654 0
Өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды

Өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды

Өткен айдың соңында Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған жантүршігерлік өрт талай жанның өміріне балта шапқаны әлі естен кете қоймағаны рас. Базарлы үйдің берекесі бұзылып, тұтас отбасы баға жетпес байлығынан, бауыр еті – баласынан айырылды. Әрине бүкіл елді алаңдатқан қайғылы оқиғаны қайталап баяндаудың қажеті жоқ шығар. Алайда, бұл жағдай қауіпсіздік шараларын нығайтып, бей-жай қарамау керектігін тағы мәрте ескерткендей.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2018 г. 644 0
Қала әкімі Н.Нәлібаевтың мерекелік құттықтауы

Қала әкімі Н.Нәлібаевтың мерекелік құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!Қадірлі майдан және тыл ардагерлері! Сіздерді мемлекетіміздің қос бірдей айбынды мерекелері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2018 г. 781 0
Университеттер байланысы нығая түсті

Университеттер байланысы нығая түсті

2 мамырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттің университетінің делегациясы Тракийский университеті орналасқан Стара Загора қаласына келді. Стара Загора Болгарияның орталығында орналасқан, бұл қала елдегі көлемі бойынша алтыншы орында тұр және оның тарихы үш мың жылға жуық. Осынау әдемі және замануи қалада Болгарияның ең байырғы университеттерінің бірі - Тракия университеті бар, оның тарихы 1923 жылдан бастау алады. Университет ректоратында достық жағдайда келелі әңгіме өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2018 г. 628 0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының  73-ші отырысында су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды. 3-4 мамыр күндері өтетін іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің салалық министрлік өкілдері қатысуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2018 г. 569 0