ЗАМАНДАС ЖАЙЛЫ ЖАҚСЫ СӨЗ

Сынаптай сырғыған уақыт ағымы білінбей өтіп жатқанымен, өмір жолыңда тағылымды ісімен тәнті ететін ардақты бір адамың болады. Ондай жанның есімі қашан да санаңда сайрап тұрады. Өзіңмен кезінде тіршіліктің қазанында біте қайнасып, бірге жүрген замандастарың туралы тілге тиек еткің келсе де оның ыңғайы үнемі табыла бермейді. Бірақ, өткенсіз – бүгін, бүгінсіз келешек жоқ дегендей, өзің құрметтейтін адам туралы, оның сан қырлы қасиеті, атқарған өнегелі істері жайлы айтып отыру ешуақытта артық болмасы анық.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 741 0

Цифрлық сауаттылық әркімге керек

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жаңа технологиялар арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру міндеті белгіленген. Осыған орай, халықтың цифрлық дағдыларын қалыптастыру үшін тренерлерді дайындау семинары өтті. Онда облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова жаңа технологияға бейімделудің маңызы жайлы айтып өтті.
Білім 29 сәуір 2018 г. 1 062 0
Оңтүстік аудандарда оңды іс көп

Оңтүстік аудандарда оңды іс көп

Бейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған, Шиелі аудандарында іссапармен болып, жылдың алғашқы күріш егу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы сапар аясында өндіріс орындары мен жергілікті кәсіпкер жұмысымен танысып, әлеуметтік, мәдени нысандарды аралап көрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 1 071 0

Бес бастама – елдік тұғыры

Маған алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысу ба­қыты бұйырды. Шынымды айтсам, елордадағы «Бейбітшілік және келісім сарайынан» бірлік пен татулықтың жылы желі есіп, таңқаларлық жағымды атмосфера бойымды билеп алды. 
ДӘУЛЕТ 29 сәуір 2018 г. 589 0

Дамудың айқын үлгісі

Кеше өткен  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Мемлекет басшысы – әлеуметтік бірлік тұғыр­намасы ел іргесін нығайта түсетінін айтты. Жаңа бастамалар бәрінен бұрын осыған бағытталғанын жеткізді. 
ДӘУЛЕТ 29 сәуір 2018 г. 496 0
АҚСҰҢҚАР  ҚҰСТЫҢ ТҮЛЕГІ

АҚСҰҢҚАР ҚҰСТЫҢ ТҮЛЕГІ

  Атамыз қазақ қай заманда болмасын сұңқарды қыран тектес құстардың ішінде айрықша бағалаған. Құсбегілердің ішіндегі ерекше болмыстағы кәнігілерінің өзі қия жартастардың биік шыңдарынан осындай тектілерін ғана ептілікпен ала білген. Бір таңғаларлығы, осындай тектен шыққан қырандар адамға қанша бауыр басқанымен, еркіндікке шыққан кезінде өзінің ұя басқан мекеніне, тамыр тартқан топырағына бір соқпай кетпейді екен. Бұл құдірет табиғи тартылыс күші тәрізді туған жердің ерекше қасиеті мен киесінде жатса керек.
Тарих 29 сәуір 2018 г. 1 347 0
ТӘЛІМГЕР ҰСТАЗ  ҰЛАҒАТЫ

ТӘЛІМГЕР ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

 Халық мәдениеті – көп­ғасырлық тарихы бар ата-бабалардың рухани құндылық қазынасы. Қазақ халқының ежелгі дәуірлерімізден, қа­зіргі заманымызға дейінгі қа­лып­тасу, даму кезең­дерін­дегі жал­пытүркілік фило­софиялық-пе­да­гогикалық дүние­таным ерек­ше­ліктерін, орта ғасырлардан бас­тап ұр­пақтар санасынан берік орын алған діни-исламдық ұстаным сипатын, халықтың жан ділін адамгершілік-имандылық қасиеттер ықпалымен сәу­ле­лендіру, нұрландыру қыз­метін атқарған тәрбиеші-тәлім­гер қайраткерлер тағы­лымын – бәрін қазіргі уақыт­пен сабақтастыра наси­хаттаған өнегелі тұлғалар даралана бағаланады. Халық мәдениетінің насихатшылары тұғырындағы өздерінің белсенді шығармашылық ізденістерін күнделікті тұрмыстық-әлеуметтік істерімен қатар атқара жүріп, осындай адамдар жаңа буынның болашаққа ұласатын жолына да айқын бағдар береді. Бұл орайда, сөз арқауындағы өнегелі өмірімен мәңгілік ұлағат танытқан тұлғалар қатарында Сәден Нұртайұлы (1930-2002) есімін де айтамыз.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 798 0

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫ

Тоқсаныншы жылдың орта кезі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қызылордаға келеді деген жағымды жаңалық жетті. Алаштың анасы атанған Сыр өңірі Елбасына қарыздар. Бір кездері астана болған Ақмешіттің әлде- кімдердің ұсынысымен тарайды деп тұрғанында Елбасы сақтап қалғаны ел есінде. Мемлекет басшысы Сыр өңіріне келіп, каланың сәулетті жерлерін аралап келеді. Көптің көңілі шат-шадыман. Елбасы жаңа базар тұсындағы №6 емханаға аялдады. Осы сәтте «Қарағым, Нұрсұлтан!» деген дауыс естілді.
Әлеумет 29 сәуір 2018 г. 767 0

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ, ОРТАҚ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім» деген болатын.Қазақстанның қандай да бір жетістіктері сенімді тірек саналады. Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеген 10 міндетті орындап шығу үшін ең бірінші кезекте елімізде тыныштық, бейбітшілік заман болып тұруы тиіс.
ДӘУЛЕТ 29 сәуір 2018 г. 619 0
ЫНТЫМАҚТЫҢ ЫРЫСЫ

ЫНТЫМАҚТЫҢ ЫРЫСЫ

Сыр өңірі – алмағайып заманда сан ұлтты бауырына  басқан, сол арқылы бүгінде берекеге кенелген бірлік пен ынтымақтың мекені. Жергілікті халықтың дархан пейілінің арқасында ұлы өзеннің жағалауында қаншама ұлт пен ұлыс бір-бірімен жарасып, тату-тәтті күй кешуде. Қазіргі таңда оларға тарихын тануға, мәдениетін өркендетуге қолайлы жағдай жасалған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 656 0