Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамаларын жариялай отырып, қазақ халқының өмірлік тәжірибесіндегі «бірлік» ұғымының маңызына тоқталған тұсын тебіреніспен тыңдадым.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2018 г.
1 208
0
«Qazaqstan» ұлттық арнасында «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» атты халыққа Үндеуіне байланысты республикалық телекөпір өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысып, пайымды пікірлері мен орамды ойын ортаға салды. Телекөпір барысында аймақтармен де тікелей байланыс орнатылып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 5 бастаманы жүзеге асырудың негізгі бағыттары туралы баяндады. Биыл өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» екеніне тоқталып, шағын несиенің мүмкіндіктері жайлы тарқатып айтты.– 2018 жыл – өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы. Осыған байланысты бірқатар тың бастамалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Біз неге кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп отырмыз? Біріншіден, бізде 90 мыңнан астам өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту міндеті тұр. Олардың басым көпшілігі ірі өндірісті дамытуға мүмкіндік бола бермейтін ауылдық жерлерде тұрады. Ал жаңа жұмыс орындары негізінен шағын және орта кәсіпкерлікпен қамтамасыз етіледі. Тек соңғы жарты жылда өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған 16 мың адамды жұмысқа орналастыруға қол жеткіздік, – деді аймақ басшысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
435
0
Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінен туындайтын міндеттерді саралаған облыстық актив жиыны өтті. Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында бес бастамадан тұратын үндеуін жариялаған болатын. Аймақ басшысы оның дамудың ұзақмерзімді ұлттық бағдарламасы – 2017 жылғы конституциялық реформаның, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, экономиканы цифрландыру жөніндегі бағдарламаның қисынды жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ, облыс басшысы үндеуде көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталып, олардың өңірімізде орындалу барысын жеткізді.Қазақстан Президенті көтерген негізгі бастаманың бірі «7-20-25» бағдарламасы. Онда баспана алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ, несие өсімінің мөлшерлемесін жылына 7 проценттен асырмау, бастапқы жарнаны 20 процентке азайту, несие мерзімін 25 жылға дейін ұлғайту көзделген.Облыс әкімі осы мақсатта 3 жылға арналған «Орда» тұрғын үй құрылысы жол картасы әзірленгенін айтты.– Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық. Оларды тұрғындарға кейін өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен беретін боламыз. Осылайша, «Орда» тұрғын үй бағдарламасы Президент бастамасының қисынды жалғасы болмақ, – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі бастапқы жарна ретінде есепшотында 20% қаржысы жинақталған несие алушылардың санын анықтау үшін салымшыларға талдау жасауды тапсырды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
579
0
Міне, қыстың көбесі сөгіліп, күнгейлі көктем де келді. Адамдар жаңа үміт, жарқын күндерге сенімді. Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева ғасырға таяу жасаған қайсар жан. Қилы заманның куәгері мына жарқын уақытқа шүкіршілік айтады. Ұрпақтарына ұлағатын үлестіріп, дархан даламыздай халқымыздың мұнан да керім жетістіктерге кенелеріне тілек тілеп, жастарға бата беріп отырады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
800
0
Халықаралық әйелдер күні Сыр өңірінде сән-салтанатымен аталып өтті. Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында ұйымдастырылған мерекелік шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.Бүгінде әйелдер тек отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де белсенді. Әйел – кәсіпкер, әйел – саясаткер, әйел – қайраткер деген ұғымдар санамызға сіңіп үлгерді. Қазақстандық қыз-келіншектер билік пен бизнесте де, ғылым мен мәдениетте де ерекше қабілеттерімен танылып жүр.Салтанатты шарада отбасында да, кәсіпте де табысқа кенеліп, құрметке бөленіп жүрген әйел-аналарды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
757
0
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
08 наурыз 2018 г.
941
0
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
08 наурыз 2018 г.
752
0
PDF
08 наурыз 2018 г.
682
0
Жуырда, Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектебінің кітапханасында қаладағы қазақ мектептері бірлесе отырып, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, кітаптың рухани құндылық, теңдессіз байлық екенін, кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір екенін, жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы кітапхана екенін дәлелдеу, соған оқырмандардың көзін жеткізу мақсатында, аудандық білім бөлімінің әдіскері Лаззат Есханованың бастамасымен аймақтық семинар өткізілді.
ҚОҒАМ
07 наурыз 2018 г.
786
0
5 наурыз күні кешкі сағат 22.15-те ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің жедел кезекшісіне, Қызылорда облысының ТЖД кезекшісінен, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» жолының 234 шақырымынан солға қарай шамамен 10 шақырым жерде Камаз автокөлігі батпаққа батып, ішіндегі 5 адам далада қалғаны жөнінде және бір адамға дәрігерлік көмек қажеттілігі туралы хабарлама түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 наурыз 2018 г.
665
0