« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ел болудың бірден-бір алғышарты – адамдар арасындағы түсіністік пен бірлік, ынтымақ пен сыйластық. Бұл ұғымдардың мәні мен маңызы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғыдан да арта түсті. Ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибе этностардың татулығы мен келісімін нығайтуға жұмсалды. Бүгінгі бір шаңырақ астындағы баянды ғұмыр кешуімізге тастай тұтастығымыз, балталаса бұзылмас бірлігіміз қызмет етті.
Елбасының, әсіресе, ел мен жердің иесі қазақтың бірлігі туралы пайымы азаматтарға жауапкершілік жүктеуі тиіс. Алауыздық, жүзге, руға бөлініп бытырау, жершілдік әдеттер – бірліктің жауы. Бұл дерт, әсіресе, жас ұрпақтың бойына жұқпаса екен. Әлемнің озық мемлекеттерімен тереземіз тең болу үшін жасалып жатқан қадамдардың барлығы бірлікпен жұмыс істегенде ғана берекелі болмақ.
Ахат ЖАНАЕВ,
Қазақстанның құрметті журналисі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |