Астрономиялық есеп бойынша наурыз айының 21-інен 22 жұлдызына қараған түні аспан денелері өзінің алғашқы айналу нүктесіне қайта айналып келеді екен. Сонда күн мен түн, ыстық пен суық, қараңғы мен жарықтың теңелетін жаратылыстың керемет сәтінде Наурыз кіреді. Неге «Әз наурыз»?
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
788
0
Қазақтың мыңжылдық дәстүрлерінің өзегінде әділдік, шындық, адамгершілік, имандылық секілді ірі қасиеттер жатыр. Біздің осы ұлттық ерекшеліктеріміздің өзгелерден бөлек екендігін менмін деп кеудесімен көк тірегендердің көпшілігі іштей болса да мойындайды. Ал Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы осы асыл құндылықты заманға қарай бейімдеу керектігін еске салады.
ТАНЫМ
22 наурыз 2018 г.
1 098
0
Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын ел арасында мерекеге дайындық қызу жүргізілді. Үлкен де кіші де көтеріңкі көңіл-күй жетегінде атаулы күнді ақ тілегімен қарсы алуға қарбаласып жүр. «Қарттың батасы қабыл» деген ғой, Аралқұм елді мекеніне хабарластық. Неге деймісіз? Осынау тіршілігі қазандай қайнаған, берекелі де құтты қоныста Тәжігүл Еңсепова (құжат бойынша Ензепова) есімді абыз әже тұрады. Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың анасы атанған, бүгінгі таңда 102 жастағы Тәжігүл әже теңіз төскейіндегі ең жасы үлкен адамның бірі саналады. Өзінің ғибратқа толы ғұмырының жүз екінші көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың. Аллаға шүкір, әлі күнге құлағы айтқан сөзді қалт жібермей естіп, жанары жарық ғаламды көріп, пікірін нық түйіндеп жеткізіп, далаға өзі кіріп-шығады. Мұны білгенде кеудемді «неткен асыл сүйекті адам!» деген сүйсіну сезімі биледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
665
0
Ұлттық бренд – ұлттың ерекшелігі, қайталанбас дүние, өткеннің өміршеңдігі, жаһандану заманында жаңғырудың өзегі. Кез келген елдің ұлттық бренді сол мемлекеттің танылуына, туризмнің артуына, сол арқылы ішкі экономикасының дамуына ықпал етеді. Қазақстан туризмін дамытудың бір жолы – ұлттық дүниелерді таныту. Елімізде туризм дамуы бәсең әрі өзекті сала. Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2017 жылы қаңтар-маусым айларында туристік мақсаттаҚазақстанда 3,6 млн адам келген. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға артқан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
794
0
Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және оның қауырсынын қасиетті зат санап, биікке іліп қояды. Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылында тұратын Ерболат Әлиевке құсбегілік өнер аталарынан қонған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
640
0
Есімі Сыр күрішімен қатар аталатын Социалистік Еңбек Ері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Сәлима Жұмабекованың еңбекпен өрілген өмірі ұрпаққа үлгі. Егіс алқабының алтын дәнін аялаған өнегелі өмір иесінің есімі бүгінде аңызға айналған.Сәлима Жұмабекова 1935 жылы Қармақшы ауданы, бұрынғы «Жаңа бақыт» (қазіргі Дауылкөл елді мекені) ауылында дүниеге келген. Әкесі Жұмабек ескіше сауат таныған кісі болған. Ауыл балаларын оқытса, анасы Ақсалы жігерлі, қарапайым, қайырымды жан болыпты. Сұрапыл соғыс жылдарында әкесі майданда ерлікпен қаза табады. Соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары, тұрмыстағы қиындық пен ауыртпалық отбасындағы ана мен бауырларына оңай тимеді. Сәлима бір үйлі жанның жағдайын жасай жүріп еңбекке ерте араласты. «Бес там» мектебінің 8-ші сыныбын бітірген жас өрім еңбек жолын сауыншылықтан бастайды. Кейін келе байланыс, құрылыс саласында да біршама уақыт жұмыс істеген шынашақтай қыз ширақтығын көрсетеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
1 249
0
Наурыз айында ғаламшардың 300 миллион тұрғыны Наурыз мерекесін атап өтеді. Бұл күні оңтүстік жартышарда күз болса, солтүстікте - көктем. Наурызды Балқан, Қара теңіз, Кавказ, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері бірнеше мыңдаған жылдар бойы атап өтіп келеді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығының хабарламасында айтылған. 2009 жылы Наурыз мерекесі Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілсе, 2010 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы оны халықаралық күн деп жариялады. «Бұл күні біздің өлкеде ауылшаруашылық жұмыстары басталады. Бұл өкпе-ренішті ұмытып, кешіру және құрметтеу күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес, бұл мереке халықаралық күн ретінде аталып өтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
497
0
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл ұлттық мереке Қазақстанда ресми түрде 1988 жылдан бері тойлана бастады. Осы мезетте күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ ыстық буға бөгеді.Халқымыздың жетi түрлi дәмнен наурызкөже жасайтын жақсы дәстүрі бар. Санамызда "наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады" деген сенім қалыптасқан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
492
0
Құрметті жерлестер!Жер - жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!Наурыз – ізгілік пен бірліктің мерекесі. Бұл күні барша жұрт өкпе-ренішті ұмытып, ағайынмен бір дастархан басында табысады. Адамдар бір-біріне ырыс-несібе тілеп, ақ пейілдерін арнайды. Бұл кезеңді біздің халқымыз береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санайды.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн».Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген жетістіктері – соның дәлелі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
649
0
Асықты айтсаң, ауыл еске түседі. «Асық ойнап жатыр екен» десе, елең етпейтін қазақ жоқ. Осы бір сөздің өзі ауылда өскен қазақты жастық шаққа қарай жетелей жөнеледі. Көз алдыңа туып-өскен ауылдың мамыражай тіршілігі тізбектеліп келе бастайды. Кешкі салқынмен өрістен ауылға қайтқан малдарды қораға қамап, қозыны көгендеп қой мен ешкіні түгендеп жайғастырған соң ауыл балалары асыр салып асық ойнауға кірісіп кететін. Ауылды жерде қой көп, әр үйде дорба толы асық тұратын. Қора толы мал өз төліне емірене маңырап жатса, қораның айналасында шеңбер сызып, асық ойынға кіріскен ауыл балаларының сақ-сақ күлген көңілді шуылы ауылдың азан-қазан болып жатқан кешкі қарбаласының ажырамас бір бөлігіне айналушы еді. Осы бір көрініс ауыл деген үлкен картинаның ажырамас бір бөлігіне, ауылдың ажарын кіргізіп тұрған көрігіне айналып үлгергені қашан?!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
571
0