« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және оның қауырсынын қасиетті зат санап, биікке іліп қояды. Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылында тұратын Ерболат Әлиевке құсбегілік өнер аталарынан қонған.
– Әлінің немере інісі Олжабай атам құсбегі, қақпаншы болды. Ол ата жолын қуып, ителгі ұстап, аңға салды. Менің бойымдағы текті өнерге деген қызығушылықты оятқан осы Олжабай атам. Алайда, әкем Сүлеймен «аң-құс қуалап, сабағың жайында қалады» деп құсбегілікпен әуестенуіме рұқсат бермеді. Жалпы, бабаларым Қаратаудың ішінде отырған. Ескінің әңгімелеріне сенсек, олар саятшылықты кәсіп еткен екен. Яғни, бұл өнер менің қанымда бар, текпен бірге сүйекке сіңген қасиет, – деп бастады әңгімесін құсбегі.
Ерекең университетті бітіріп келгеннен кейін «Келінтөбе» совхозына жұмысқа орналасады. Ит жүгіртіп, құс салуға деген ішкі түйсік-танымындағы ерекше ықыласы асыл өнерді ұстануға итермелейді. Осылайша 1985 жылдан бастап тазы ұстаса, 1992 жылдан құстың төресін қолға үйретеді. Ең алғаш Әбдіраман деген құсбегіден бір өгізге түз құсын ауыстырып алады. Содан бері 12 қаршығаны аңға салып, саятшылық құрыпты. Қазір «Ақбұршар» деген бүркітті ұстап отыр.
– Жалпы, құсбегілікті меңгеру оңай дүние емес. Бұл күрделі де қиын кәсіп. Тек қызыққан әрі шыдамды адам дегеніне жетеді. Мен бүркітке қарағанда қаршығаны қолға тез үйретемін. Оны 13-14 күнде қырғауыл, үйрек пен қоянға сала аламын, – деді Сүлейменнің Ерболаты.
Құсбегінің сөзіне қарағанда, қыранды қолға түсіргеннен кейін оны алдымен жуасытады. Бұл іс аса төзімділікті, қажырлықты қажет етеді екен.
– Түз құсы өте кекшіл келеді. Қолға түсіп, қор болғанын көпке дейін ұмытпайды. Сондықтан құсқа ерекше мейіріммен қарау керек. Күйлі кезінде қолға түскен құс көпке дейін берген жемді жемейді. Мінезді құсты үнемі сылап-сипап, еркелетіп отырған дұрыс. Сонда сұңқардың ашу-қытығы жазылады. Түз құсын алғаш тұғырға отырғызарда ортаңғы саусағынан іле ұстап, қондырған дұрыс. Әдетте, бүркітті оң қолға қондырып, сол қолмен томағалайды. Ескеретін жағдай, қыранды қолға үйренгенге дейін саусақтарын үнемі жазып, тарап отыру керек. Болмаса, шеңгелі қарысып қалады, – дейді ол.
Ересек құсты аңға салуға дайындауды да тәптіштеп айтып өтті. Түз тағысын тез жуасыту үшін оның ұйқысын алады. Ол үшін ырғаққа отырғызады. «Ырғақ» деп екі діңгек ағашқа керіліп байланған арқанды айтады. Арқанның дәл ортасына білек ағаш орнатып, оған томағасын кигізіп, асау құсты отырғызады да, арқанда ырғап тербетіп отырылады. Көзі байланып ырғақта тербетілген құстың ұйқысы қашады, қатты шаршайды. Тіптен, есінен танып құлайтын жағдайлар болады. Кейде екі-үш күн, түн қасынан кетпей ырғақта ұстаймын. Бір сөзбен айтқанда, бесіктегі баладай күтесің, – деді ол.
Иә, қазақтың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдай тарихы бар дейді. Ғалымдар «Тамғалы» таста саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелейтін өрнектерге екі мың жыл деседі. Ұлы даланы шарлаған әйгілі саяхатшы Марко Поло: «Далалықтардың әр үйінде бір-бірден бүркіт бар. Олар онымен аң аулайды, саятшылық жасап, бой сергітеді» деп жазыпты. Ал, түрік танымында Тәңірлік ұғым бойынша құс көктің иесі, аспанның киесі, жоғарғы әлемнің елшісі, қанаттылардың төресі саналған. Сондықтан текпен келе жатқан асыл өнерді мектеп оқушыларына қосымша сабақ арқылы беріп, саятшылық жайлы түсінік берсе дейді келінтөбелік саятшы.
– Үш жыл бұрын Қызылорда қаласында құсбегілер жиналып, қыранды аңға салды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен саятшылар келді. Фестивальдің ашылу рәсімінде өзге облыстардан оннан астам қатысушы тұрғанда, Сыр елінен үш құсбегі ғана қатысты. Сонда солтүстік облыстан келген әріптестер «Қызылорда қазақы облыс деп мақтанасыңдар. Бірақ саясатшыларың жоқ екен» деп күліп кетті, – дейді кейіпкеріміз.
Жаңақорғандық саятшының тазыға құмарлығы, қызығушылығы тым бөлек. Ол саятшылықтың бірі – тазы ит жүгірту деген пікірді ұстанады. Қазақ «Итті тепкен ырысты тебеді» деп шаңырақтың құт-берекесіне балайды. Арабтар тазыны тазалығына байланысты итке жатқызбайды екен. Яғни, тазыға қатысты саятшылық та өзінше бір әлем.
– Төрт тазы ит бар. Мендегі таза тұқымды тазылар. Олар тазының кез келген стандартына, сипатына сай келеді. Тіптен, алдынан аң өткен емес. Кезіккен шибөрі, түлкі мен қоянды алады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы облысынан тазыға қызығушылар естіп, іздеп келді. Қазір солардың қолында менің көк тазым өсіп-өрбуде, – деді «Алғыр», «Жетер», «Құмай», «Лашын» атты тазының иесі.
Құс пен тазыдан бөлек, үш көкпар атын баптап отыр. Аудан көлемінде өтетін көкпар-тойлардан қалмауға тырысады. Үйінде түйе сауып, қазақы төбет ұстайтын келінтөбелік ел ағасы бағзы бабалардың салтын ұстанған азамат.
Бір сөзбен айтқанда, қазақтың өткенін көргіңіз келсе, Келінтөбеге, Ерболат Сүлейменұлының шаңырағына келіңіз.
Ерлан Абдрасилов

Ерлан Абдрасилов.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |