Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар 14 наурыз күні «Қауышу күнінен» басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
592
0
Бүгін аудан орталығы Тереңөзек кентінде Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Жаңа жыл мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, театрландырылған қойылымды тамашалады. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жиналғандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
823
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал қаласындағы апатты үй тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында олардың жаңа тұрғын үймен қамтылатыны айтылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
581
0
Дүйсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен актив жиыны өтіп, онда кадрлық өзгеріс туралы хабарланды. Аймақ басшысының өкімімен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып Бақытжан Намаев тағайындалды. Облыс әкімі жиында басқарманың жаңа басшысының еңбек жолын таныстырып, оның қызметке таңдалу себебін жеткізді.Облыс әкімдігі, облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, қоғамдық кеңес және облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлескен шешімімен 2018 жылды облыс бойынша «Жалпы кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялап, кешенді «Жол картасын» қабылдады, 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланды. Сонымен қатар, Елбасының соңғы бес әлеуметтік бастамасы ішінде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты қосымша қаржы қарастыру туралы тапсырмасы бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
605
0
Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Біріккен Араб Әмірліктері делегацияларының кездесуінде «Байқоңыр» кешенінде бірлескен жобаларды жүзеге асырып, коммерциялық ұшырылымдарды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
604
0
Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен жүздеген шәкірт тәрбиелеген белгілі педагог Нағима Ахмадееваның 100 жылдығына арналған кеш өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Астана қаласындағы «Таң» татар-башқұрт орталығының жетекшісі Рафик Валиев, білім саласының ардагерлері, этномәдени бірлестіктің мүшелері және шәкірттері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
584
0
Астанадағы Конгресс орталығында Наурыз мейрамына арналған "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" атты жаңа мюзикл қойылды. Мерекелік шараны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
717
0
Қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды. Ерімбетов ем қабылдау үшін Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жатқызылған болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
648
0
Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде орнығуына қарсы адамдардан "Қазақ тілі қолдануға ыңғайсыз. Сөздері қолдан жасалған, тым ұзақ" деген сияқты пікірлерді талай естіп жатамыз. Осыған орай ма, басқа ма, әйтеуір ғаламторда қазақ блогшыларының "Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз қандай?" деген дауына тап болдық. Кей адамдар "ең ұзыны" ретінде "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» атты сөзді ұсыныпты. Қарап отырсақ, аз емес екен: 33 әріп. Енді біреулер оның түк емес, дәл сондай әріптен тұратын "зарасыздандырылмағандықтарыңызбен" деген де сөз бар деп бөсіп отыр. Техникаға жақын біреулер шетелдің сөздерін алып келсек одан да ұзын сөз құрастыруға болады деп дәлелін алдыға салыпты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
616
0
Міне, ұлы мереке – әз Наурыз есік қағып тұр. Бұл көже ішіп, аяқ босатар жай мереке емес, алдағы күнге үміт артар, әрекет арқылы берекет іздер еңбек мерекесі, бақытты өмірге қадам жасар батылдық мерекесі! Бұл туысқа мейір, ұлысқа мерей сыйлайтын мереке!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 наурыз 2018 г.
858
0