Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің барлық қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің орнына ID-карталар енгізілді.
АҚПАРАТ
20 ақпан 2018 г.
797
0
Елбасы қазақ тілінің жаңа латын қаріпін бекітті. Латын әліпбиіне көшеміз дегенде ең бірінші диграфтық нұсқа ұсынылды. Бұл екі әріптің бір дыбысты таңбалауы болатын. Осыған орай қоғамда қызу пікірталас туындап, мұның тілдік құрылымды бұзатыны, латын қарпіне көшу процесін қиындатаныны айтылды. Онан соң апострофпен таңбаланған қаріп нұсқасы шықты. Мұнда үтір әріптің жанында тұрады-дағы, таңбаланғанда қаріп арасы алшақтап, ыңғайсыз бейнеленеді. Қысқасы, қалың жұртшылық диграфты да, апострофты да қабылдай алмады. Мемлекет басшысы елдің пікірін ескеріп, қазақ тіліндегі латын қаріпін қабылдауды пысықтауды тапсырды. Міне, кеше Елбасы жұрт күткен, тілдік заңдылықтар сақталған, жалпы халықтың көңілінен шығатын әліпбиге қол қойды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа белес десек, артық айтқандық емес. Өйткені біз осы арқылы әлемдік өркениеттің көшінен қалмай, даму динамикамызға дүмпу қосып, жаңа технологияларды еркін меңгереміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
969
0
Бүгін Елбасының 19 ақпан күнгі Жарлығымен өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қолымызға тиді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
1 061
0
Астана қаласы әкімінің орынбасары, филолог Ермек Аманшаев бүгін Елбасы Жарлығымен өзгертілген латын графикасының жаңа нұсқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
785
0
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Жалпы еліміздің латын графикасына көшуі тілді жаңғырту бойынша маңызды қадам деп есептейміз. Қадам қазақ тілінің әлемдік білім, ғылым және ақпараттық кеңістікке бейімделуіне жол ашады. Сондықтан Елбасының бұл шешімі стратегиялық тұрғыдан еліміздің болашағы үшін маңызды. Осы арқылы Қазақстан халықаралық деңгейдегі қауымдастықтан өз орнын таба алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
1 154
0
Байтілес Ержан Айтөреұлы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
1 189
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталып өткен болатын. Бастама қоғамда үлкен қолдау тапты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
947
0
Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқының орын алу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ
20 ақпан 2018 г.
863
0
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметінше, 21-23 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
442
0
Біз, сырбойылық жастар еліміздің латын әліпбиіне көшуін бірауыздан қолдаймыз. Мемлекет басшысының қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы бүгінгі Жарлығы бұған дейінгі пікір-пайымдарды ортақ арнаға тоғыстырды деуге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
778
0