« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Жалпы еліміздің латын графикасына көшуі тілді жаңғырту бойынша маңызды қадам деп есептейміз. Қадам қазақ тілінің әлемдік білім, ғылым және ақпараттық кеңістікке бейімделуіне жол ашады. Сондықтан Елбасының бұл шешімі стратегиялық тұрғыдан еліміздің болашағы үшін маңызды. Осы арқылы Қазақстан халықаралық деңгейдегі қауымдастықтан өз орнын таба алады.
Баршамызға мәлім, осы уақытқа дейін жаңа әліпбиімізге қатысты сан түрлі қоғамдық пікір қалыптасты. Ұсыныстар арасында болған диграф мәселесі талқыға түсті. Бұдан кейін бекітілген латын әліпбиі бойынша апостроф мәселесі де оң және теріс пікірлер туындатты. Нәтижесінде Елбасының шешіміне сәйкес жаңа әліпбиімізде апострофтар алынып, әріп үстіне қойылатын таңбадан тұратын акут пен екі диграф енді.
Бұл өзгерістерде барлық мамандардың ұсыныстары ескерілді деп ойлаймыз. Әсіресе, ақпараттық технологиялар саласы мамандарының пікірлеріне сәйкес өзгерісті ерекше атауымызға болады. Естеріңізде болса, сала мамандары апострофтар мәтін теруде және іздеу технологиясын пайдалануда қиындықтар туындататындығын айтқан еді.
Латын графикасындағы әліпбидің жаңа нұсқасымен танысқаннан кейін де қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасып жатқандығы байқалады. Меніңше бұл нұсқасы бұрынғыға қарағанда қолайлы секілді. Дегенмен, филология ғылымдары саласының өкілі болмағандықтан, бір жақты айту да қиынға соғатыны анық. Әрине, латын әліпбиімен компьютерде теру әзірге көп уақыт алады. IT саласының мамандары да пернетақталарды жаңа үлгіге сәйкес бейімдеулері қажет. Мұның барлығы көз бен қолдың үйреніспегендігінен деп ойлаймын. Уақыт өте келе оған да қалыптасып кететініміз анық.
Мұрат НАСИМОВ,
саяси ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор,
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |