ЖАҢА ӘЛІПБИДІҢ ЖАСТАР ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР

 Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталып өткен болатын. Бастама қоғамда үлкен қолдау тапты.

Мақалада Мемлекет басшысы: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», – деген болатын.Тарихқа үңілсек, елімізде латын әліпбиінде жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды. Кейін кириллицаға ауыстырылды. Латын әліпбиін әлемдік қауымдастықтың көпшілігі қолданады. Мақалада аталып көрсетілгендей, латын қарпіне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бүгін Президент жаңа латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиін бекітті. Қазір көпшілік қоғам өкілдері және жастар әлеуметтік желілерде отырады. Осы бекітілген әліпби жарияланған сәттен әлеуметтік желі қолданушылары ерекше баға беріп, қолдап, өзіндік пікірлерін жариялауда. Бүгін жарияланған жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострафтар алынып тасталды. Сонымен қатар бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды. Бұл көпшілікті қуантты және қоғамның пікірі ескерілді деп ойлаймын.

Елбасы атап өткендей, елдің болашағы – жастар. Сондықтан бұл әліпбидің біз үшін маңызы зор. Себебі осы әліпбидің болашақ қолданушылары – өскелең ұрпақ. Мен бұл жасалған әліпбиді қолдаймын және алдағы уақытта «Жас Отан» жастар қанаты бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарады.

Талғат ТІЛЕС,

«Жас Отан» жастар қанаты 

Қызылорда қалалық филиалының басшысы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2018 г. 937 0