Департамент қызметкерлері толығымен ID-карталарға өтті

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің барлық қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің орнына ID-карталар енгізілді.

ID-карталарды пайдалану функционалдық міндеттердің бірқатарын тиімді орындауға мүмкіндік береді (деректерді сақтау, объектілер мен ғимараттарға еркін кіру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшінің ерекше қызметтік мәдениетін айқындап көрсетеді.
Бұл жағдайда қызметтік ғимараттарға кіру үшін қолданыстағы қызметтік куәліктер мен магниттік карталардың орнына ID-карталарды енгізу ұсынылады. Қызметтік куәліктерді теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ бюджет шығындарын оңтайландыру жоспарланған (қызметтік куәліктердің жасау құны,  ID-карталарды жасау құнынан кемінде бес есе жоғары).

 Мұндай карталарды пайдалану мемлекеттік қызметшілердің тәртіптілігін арттыруға және азаматтардың тануы арқылы, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру күтілуде.

Қазіргі таңда ID-карталар Агенттіктің және аумақтық департаменттердің барлық қызметкерлері үшін пилоттық тәртіпте енгізілді.

Тәжірибе оң нәтиже берген жағдайда, ID-карталармен алдағы уақытта барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері қамтамасыз етіледі.



А.СӘЛІМЖАН,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 

Қызылорда облысы бойынша департаментінің

басқарма бас маманы

 

АҚПАРАТ 20 ақпан 2018 г. 795 0