Қызылорда облысында су алу қаупі жоқ, - деп мәлімдеді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 ақпан 2018 г.
882
0
Қызылорда қаласы үшінші жүзжылдықты елеулі өзгерістермен бастайды. Сырдың бас шаһарында ақпараттық коммуникацияларды тиімді пайдалануға негізделген «Smart сity» жобасы жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған аймақ делегациясының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында белгілі болғандай, «Қызылорда – ақылды қала» жобасы «Huawei Technologies LTD» компаниясымен меморандум аясында орындалады. Бүгінде біздің аймақ қана емес, тұтас ел экономиканы цифрландыруға ден қойды. Елбасы Жолдаудың бірінші басымдығында «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деді. Қазір трендке айналған «цифрландыру», «автоматтандыру», «роботтандыру» сөздері шын мәнінде іске асып, кәдемізге жараса, көп нәрседен ұтарымыз анық.Ендеше, автоматтандыру мен цифрландырудың негізі саналатын IT саланың облыстағы жағдайы қалай? Өндірісті цифрландыру, технологиялар трансфертін ынталандыру мақсатында қандай жобалар қолға алынды? Бұл саланың жайын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова тарқатып берді.
Cұхбат
10 ақпан 2018 г.
1 427
0
Кеше Астанада, «Үкімет үйінде», Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 ақпан 2018 г.
909
0
13 ақпанда күндіз кей жерлерде жауын-шашын, кей жерлерде тұман күтілуде. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасының негізгі фоны түнде 5-10, кей жерлерде 13-18 градус аяз, 13 ақпан 2-7, кей жерлерде 12 градус аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 5-10 аяздан 2-7 жылы, кей жерлерде 2-7 градус аязға ақырындап жоғарылайды, 14-16 ақпан күндері 3-8, кей жерлерде 11 градус аяз.«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 ақпан 2018 г.
694
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалар жайлы айтылады. Тарихы тереңнен тамыр тартқан аймақта жыраулық өнерді ұстаушылар, шәкірт тәрбиелеп кейінгіге мұра етушілер әлі де бар.
Мәдениет
10 ақпан 2018 г.
3 015
0
«Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық – балаларының болашағын да қамдай алмақ».Н.НАЗАРБАЕВ.Сыр елі тарихы ишандар мен ахундар есімінен кенде емес. Ишан – әулие, яғни уәлі, Алланың досы деген мағына берсе, халық ішінде уағыз-насихат арқылы дін ақиқатын таратушылар – ахунның тікелей анықтамасы. Айтқожа, Марал, Құлболды, Қалқай, Молдашер, Мырзабай, Ораз, Тапал, Қалжан, Алдашбай, Садық секілді ишандар мен ахундар ел аралап діни білім алып, туған ауылына келіп шариғат шарттарын үйретумен айналысқан. Әңгіме басында мына бір нәрсені айта кетсек, біздің ишандар мен ахундар кімдер еді деген ойымызды орнықтыра түседі.
ТАҒЫЛЫМ
10 ақпан 2018 г.
1 556
0
Алыстан дәлел іздеудің керегі жоқ. Біз осы қала шетіндегі Қызылжарма мен Ақжарма ауылының неге солай аталғанын білеміз бе? «Қызылы» мен «ағы» түсінікті. Ал «жарма» сөзі нені білдіреді? Жақында таныс ғалым жарманың «үлкен арық» екенін айтқанда, «е-е, түсінікті» дестік. Қазір біз білетін канал ұғымын бұрынғылар «жарма» деп атаған. Демек, каналды орысша атауымен қабылдағанбыз, ал қазақтың жарма сөзін ұмыта бастадық.
Білім
10 ақпан 2018 г.
1 449
0
Осыдан 93 жыл бұрын, яғни 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді. Сөйтіп ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді.
Тарих
10 ақпан 2018 г.
2 323
0
Біз қазір Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кеттік. Медициналық сақтандыру қоры осы Жолдаудағы ең маңызды деген үш міндетке басымдық беріп отыр. Оның біріншісі: Ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету
Денсаулық
10 ақпан 2018 г.
1 220
0
Өткен жыл көлемінде әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім, мемлекеттік кірістер, юстиция және полиция қызметі органдары бірлесіп, бірқатар жұмыстар атқарды.Нәтижесінде, 97 мыңнан астам азамат, яғни, экономикалық белсенді халықтың 30 проценті өздерін өнімсіз өзін-өзі қамтығандар және тіркелмеген жұмыссыздар ретінде көрсеткендігі анықталды. Былтыр орташа есеппен алғанда нақты 5 мың жұмыссыз азамат жұмыспен қамту органдарына тіркелген.
Әлеумет
10 ақпан 2018 г.
1 185
0