РЕКТОРЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРЫ

РЕКТОРЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  Студенттер сарайында «Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, құралдар және субъектілер» атты тақырыпта республикалық жоғары оқу орындарының ректорлары мен басшыларының қатысуымен аймақтық семинар өтті. Семинарға Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, еліміздегі жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар Ұлттық тобының қадағалау кеңесінің төрағасы Серік Өмірбаев, Халықаралық бизнес университетінің ректоры, ұлттық топтың мүшесі Дархан Ахмед-Заки мен өзге де жоғары оқу орындарының ректорлары, оқытушылары қатысты. Семинарды университет ректоры Қылышбек Бисенов ашып, шараның маңыздылығы жөнінде кеңінен айтып берді. Сексенжылдық тарихы бар білім ордасының жеткен жетістігі мен оқыту жүйесіндегі жаңашылдық  бағыты жайлы сөз болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2017 г. 865 0
АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН КӘСІПКЕР

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН КӘСІПКЕР

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында   туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдау керектігін атап көрсеткен болатын. Бұл жақсылық жасап, жомарт жүрек атанған азаматтарды халық білсін деген ойдан туындаса керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2017 г. 1 472 0
ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Жолдауларында салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спорттық шараларға тарту қажеттілігі жиі көтеріледі. Бұл шаралар Қармақшы топырағында жүйелі жолға қойылған. Жуырда өңірде біртуар азамат, Сыр елінің былғары қолғап шебері Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған республикалық дәстүрлі турнир ұйымдастырылды. Байрақты бәсеке төріне Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасынан келген 130-ға жуық спортшы жиналып, бақ сынады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2017 г. 555 0
2018 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы Төлемдерін жүзеге асыру тәртібі өзгереді

2018 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы Төлемдерін жүзеге асыру тәртібі өзгереді

 Міне, 2017 жыл да аяқталып келеді. Алдағы жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алғалы тұр. Солардың бірі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа тәртібі. Бұл жаңалық қарапайым азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр. Шын мәнінде бұл туралы 2015 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілген кезде белгілі болған. Ал биыл 29 қыркүйекте ҚР Үкіметі қаулысымен зейнетақыны есептеу әдістемесіне тиісті өзгерістер енгізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2017 г. 792 0

ОЙДЫҢ ТЕРДІМ МАРЖАНЫН

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №3 кітапхана мен Қызмет көрсету және сервиз колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен  ХХ  ғасырдағы белгілі қазақ ақындарының бірі – айтулы шайыр ұстаз, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтің туылғанына 135 жыл толуына орай «Ойдың тердім маржанын» атты жыр кеші өтті. Оған студенттер, оқушылар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2017 г. 409 0
PDF 07 желтоксан 2017 г. 604 0
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

Үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Жаңақорған ауданының Төменарық және М.Нәлібаев ауылдарынан 300 орындық мектептің құрылыстары салынып, үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.
Әлеумет 06 желтоксан 2017 г. 912 0
ІІ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ІІ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады.
ҚОҒАМ 06 желтоксан 2017 г. 867 0
Қызылорданың қызанағы мен қияры

Қызылорданың қызанағы мен қияры

Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округінде қарқынды тірлік байқалады
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2017 г. 737 0
ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ: 5 перзент дүниеге келді

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ: 5 перзент дүниеге келді

«Тұңғыш президент» күні республиканың түкпір-түкпірінде 868 нәресте дүние есігін ашты. Оның 62-і Сыр өңіріне тиесілі. Ал, Жаңақорған аудандық перзентханада бес нәресте өмірге келді. Мерейлі мереке аясында аудан әкімі Ғалым Әміреев аналарды құттықтау үшін арнайы перзентханаға бас сұқты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2017 г. 622 0