« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Жолдауларында салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спорттық шараларға тарту қажеттілігі жиі көтеріледі. Бұл шаралар Қармақшы топырағында жүйелі жолға қойылған. Жуырда өңірде біртуар азамат, Сыр елінің былғары қолғап шебері Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған республикалық дәстүрлі турнир ұйымдастырылды. Байрақты бәсеке төріне Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасынан келген 130-ға жуық спортшы жиналып, бақ сынады.
Шаршы алаңда ер балалармен қатар, қыздар да жұдырықтасудың қыр-сырын меңгергендігін көрсетті. Аудан әкімінің кеңесшісі Дастан Нәзікбаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сәдуақас Шалабаев қатысқан шарада турнирді халықаралық дәрежеге жеткізу мәселесі көтерілді. Ғалымжан Рахатов бастаған дос-жарандары да өткен күннің тәтті естеліктерімен бөлісіп, спортшының жеңісті күндерін сөз етті. Сайыс қорытындысында жүзден жүйріктер анықталып, ел мерейіне бөленді. Ерланның әкесі Бақытжан Нысанбаев қатысушыларға алғысын білдіріп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін спортта тек сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі, ұлыларын ұлықтаған қасиетті Қармақшының нар азаматтары барда Ерланның есімі өшпек емес. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, досқа адалдық, туысқа қамқорлық танытқан ердің үлгілі істері ұрпақ жадында мәңгі жаңғырады.
Серік КАМАЛОВ,
облыстық білім басқармасының аймақтық
дене тәрбиесі методикалық орталығының әдіскері.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |