Күн суыта бастағанда жеке сектор тұрғындары өз үйлерін жылыта бастайды. Осыған байланысты Қызылорда облысы ТЖД және «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Әр жұма сайын қызметкерлер өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізеді. Бұл іс-шараларда тұрғындармен әңгімелесу, нұсқамалар жүргізу мен қатар жадынамалар таратылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қараша 2017 г.
477
0
Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс орталығында ҚР Президенті Аппаратының Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің сарапшысы Жылқыбай Ақболат Әжіханұлының қатысуымен «Қызылорда облысы аумағындағы су тасқынының алдын алу шаралары» тақырыбында жиналыс өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қараша 2017 г.
539
0
Елордада желтоқсандағы мерекеге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қараша 2017 г.
605
0
Сырдария өзенінің Қармақшы ауданы көлеміндегі ұзындығы 231 шақырымды құрайды. Су тасқынына қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы Жаңажол, Иіркөл ауылдары, солтүстік жағалаудағы Қараөзек пен екі ортада орналасқан Қызылтам, Абыла елді-мекендері және аудан орталығы Жосалы кентін қорғау үшін жалпы ұзындығы 67,2 шақырымдық қорғаныс бөгеттерімен қоршалған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қараша 2017 г.
637
0
Осы жылдың 24 қарашасында Ішкі істер органдарына 50 жастағы аудан тұрғынынан Қоғалыкөл ауылына жақын Аңламас жайылымынан 24 жылқысының қолды болғаны жөнінде арыз түседі. Полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада анықтап, оны ұстау шараларын ұйымдастырған. Қазір аудандық полиция бөліміне жеткізілген 36 жастағы азаматтың тағы осындай үш қылмысқа қатысы барлығы анықталып отыр. Аталған факті бойынша қазір тергеу жұмыстары басталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қараша 2017 г.
537
0
Бизнес дамытуға 6% сыйақымен кепілсіз берілетін несиені Боданов Бақытжан Пазылұлы басқаратын «Мейіржан» жеке кәсіпкерлігі алды. Боданов Бақытжан несие қаражатын айналым қаражатын толтыруға және МІҚ басы мен жылқылар сатып алу арқылы сиыр мен жылқы етін өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға қатыспас бұрын Бақытжан Боданов өзін-өзі қамтушы ретінде мал шаруашылығын жүргізіп, сауда нүктелері арқылы ет-сүт өнімдерін өткізумен айналысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қараша 2017 г.
472
0
2017 жылғы 11 желтоқсанда сағ.: 15.00-де «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Тілешев Нұрлан Шаймерденұлы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қараша 2017 г.
514
0
2 желтоқсанда Сырдария, Жаңақорған ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қараша 2017 г.
760
0
30 қараша – 3 желтоқсан аралығында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні мерекесіне орай "Елін танытқан Елбасы" тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылады. Көрменің мақсаты Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу және насихаттау. 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қараша 2017 г.
554
0
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында екі күн қатарынан облысқа қарасты барлық ауылдық округтің әкімдері үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Екі күнде 200-ге жуық ауылдық округтің әкімі кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін көтерді. Шараның мақсаты - елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қараша 2017 г.
730
0