"Елін танытқан Елбасы" тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылады

30 қараша – 3 желтоқсан аралығында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні мерекесіне орай "Елін танытқан Елбасы" тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылады. Көрменің мақсаты Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу және насихаттау. 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.

Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Тізгінді қолға алған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жарқында жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен. Расында, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсу Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанған бағыты. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – елеміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 554 0