« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында екі күн қатарынан облысқа қарасты барлық ауылдық округтің әкімдері үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Екі күнде 200-ге жуық ауылдық округтің әкімі кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін көтерді. Шараның мақсаты - елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Қазір тұрғындарды жаппай кәсіпкерлікке тарту жұмысы тек Кәсіпкерлер палатасы немесе Кәсіпкерлік бөлімдерінің жұмысы емес, барлық деңгейдегі аудан әкімдерінің тікелей міндетіне айналды. Әкімше айтсақ, «Жұмысыңды көрсеткің келе ме? Ендеше ауылыңда, ауданыңда, қалаңда ашылған кәсіпкерлік көрсеткішін айт».
Міне, солай!
Шараға «шеберлік сағаты» деп айдар тағып отырған себебіміз қаладағы барлық қаржы институттарының өкілдері: екінші деңгейлі банк филиалдарының басшылары қатысып, кәсіпкерлікті ашу, дамыту және қаржы алу механизмдері туралы айтып берді.
Шеберлік сағаты басталмас бұрын Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Салауат Құлмахан Палатадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы, кеңесшілердің қызметімен таныстырды.
Бұл туралы Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Облыстық кәсіпкерлер палатасы бүгінгі күнге дейін түйткілді мәселе болып келген кәсіпкерлік үшін жер учаскесі мен құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарды рәсімдеу шараларын «бір терезе» қағидатымен жеңілдету мақсатында облыс әкіміне ұсыныс жасап, нәтижесінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Орталық техникалық шарттар мен жер учаскесін рәсімдеу қызметін көрсетіп, құрылысқа рұқсат құжаттарды алуда сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл орталық қызметі республика көлемінде озық жоба ретінде танылып, басқа өңірлерде қызығушылық танытуда», - дейді.
Қазір Қызылордада толық форматты Кәсіпкерлер үйі жұмыс жасайды.
Кәсіпкерлер үйінде бизнесті қолдауға арналған барлық институттар: Кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік өңірлік орталығы, Жобаларға сараптама жасау орталығы, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, прокурор кабинеті орналасқан.
Бүгінде Кәсіпкерлер үйі – бизнес өкілдеріне арналған «супермаркет» қызметін атқаруда. Бұл жерде кәсіпкерге өзінің бизнес идеясы мен бастамасын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Яғни Кәсіпкерлер үйіне бизнес идеясымен келген адам кеңес алудан бастап, кәсібін тіркеу, бизнес-жоспарын әзірлеу, біліктілігін көтеріп, жобасын қаржыландыру, сүйемелдеу сынды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне бір жерден қол жеткізе алады.
Нәтижесінде бүгінде Кәсіпкерлер үйіне келетін қызылордалықтардың саны артты. Мәселен, 10 айдың ішінде қала, аудандағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан 6083 азамат 12 354 кеңес алған. Ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы 8 сервистік қызметті алушылар қатары жоспардан асып 198,5 пайызды құрады.
«Бизнес-мектеп» компонентінің «Бизнес-кеңесші» жобасы тіпті аса зор сұранысқа ие. Биыл 800 адамды оқытуды жоспарлаған едік, сұраныс көп болып 10 айда 1460 адам біліктілігін көтерді. «Бизнес-Өсім» құрылымы да өңірде танымал. Бұл бағытта биыл жоспарды 120 пайызға орындадық. Осы жылдан бастап республика бойынша жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» жобасы қызылордалықтар арасында жоғары сұранысқа ие. Биыл 937 азаматты оқытуды жоспарлаған болатынбыз. Бүгінде 937 азаматтың барлығы оқып, бизнес жоспарларын қорғады. Нәтижесінде қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 585,7 млн.теңгені құрайтын 173 жоба қаржыландырылды», - дейді Палатаның Кәсіпкерілкті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Салават Құлмахан.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |