"Даму" қорының кепілдендіруімен алғашқы жоба қаржыландырылды

 Бизнес дамытуға 6% сыйақымен кепілсіз берілетін несиені Боданов Бақытжан Пазылұлы басқаратын «Мейіржан» жеке кәсіпкерлігі алды. Боданов Бақытжан несие қаражатын айналым қаражатын толтыруға және МІҚ басы мен жылқылар сатып алу арқылы сиыр мен жылқы етін өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға қатыспас бұрын Бақытжан Боданов өзін-өзі қамтушы ретінде мал шаруашылығын жүргізіп, сауда нүктелері арқылы ет-сүт өнімдерін өткізумен айналысты.

Шығарылатын өнімге сұраныстың көбеюімен Бақытжан Боданов өз кәсіпкерлігін кеңейтуді қолға алды. Кәсіпкер «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету  орталығынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жайында естіді және кеңесші Жомартов Бағдат оған жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге көмектесіп, ЕДБ несие алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға сүйемелдеу қызметін көрсетті.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚОФ «Мейіржан» жеке кәсіпкерлігі ұсынған бизнес-жоспарды қарастырып, Бақытжан Бодановтың старт-ап жобасына 10 млн. теңге несие беруді мақұлдады, сонымен қатар «Даму» Қорының 85% көлемде кепілдендіруінің арқасында кәсіпкер тек 1,5 млн.теңге депозит ұсынды.

«Даму» Қоры тарапынан маған көрсеткен сапалы кеңес пен сүйемелдеу қызметіне алғыс айтамын. Қолжетімді бағдарламаның арқасында шағын бизнесімді үлкейтіп, табысымды арттыруды көздеймін» - дейдіБақытжан Боданов.

Еске сала өтсек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша келесі Екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге болады: «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ.  Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты –сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез-келген бизнес түріне беріледі. Несие болйынша сыйақы мөлшері 6% ғана.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойыншатолық ақпарат алу үшін немесе өзге де кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар бойынша кеңесті "Даму" Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынанкеліп білуге немесе 55-11-18 телефоны бойынша кеңес алуға болады.

 

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қараша 2017 г. 472 0