Қызылордада тұңғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
925
0
Синоптиктер Қазақстанда 14 қараша күні болатын ауа райы болжамын жария етті, деп хабарайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
518
0
Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
537
0
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
598
0
Ерте түрік елінің тарихы туралы деректер Қытайдың бастама кітаптарында IV-Vғғ. белгілі болғаны жазылған. Оларда Қытайдың солтүстік шығыс бөлігін жаулаған көшпелі тайпалар хун, санбилер қатарында Ашин руы болғаны баяндалады. Көшпелілер жаулаған жерлерде жүргізген қатал биліктері қытайлықтардың қарсылығын туғызып, көп ұзамай оларды батысқа қарай ығыстырылған. Мұндай тайпалар арасында «Ашин бес жүздей үймен жужандарға қашып барады да, Алтай тауының күнгей бетіне қоныстанып жужандарға темір өндіріп тұрғаны» жайлы мәліметтер берілген. Жаңа жерге қоныстанған Ашин әулетінен шыққан әскери қолбасшылар алғашқы күннен сыртқы саясатта жүргізген басқыншылық ықпалын барған сайын күшейтіп, Сары теңізден бастап (Корея) Еділге дейінгі аралықтағы тайпаларды өздеріне қаратқан. Сөйтіп, VІ ғ. Түрік немесе ерте Түрік деген этникалық атпен тарихта белгілі болған. Арада жүз жыл өткеннен кейін Түріктер орта Азияның ұлы даласын бағындырып ұлан-байтақ жерді қытайлықтар «Түріктердің ұлы даласы» немесе «Түріктердің құдіретті шөл даласы» деп атаған. Ақырында VI-VII ғасырларда пайда болған ерте түрік мемлекеті Орта Азиядағы ең жоғарғы өркениетті Византия, Сасаниттік Иран, Қытай мемлекеттерімен бәсекелесе алатын күшті де құдіретті болғандықтан түріктер өздерін «мәңгілік ел» болатынына сенген. Азияның ұлы даласын қамтыған жаңадан пайда болған көшпелілер мемлекетін қытайлықтар өздеріне төнген қауіп-қатер деп түсінген болатын. Сондықтан, қытайлықтар алғашқы күннен түрік билеушілерін сипаттай сынай отырып, олардың даналық қасиеттерін, мемлекетті басқарудағы қабілеттерін, әскери әдістерді ұйымдастыру мен шеберлікпен қолдануларын мойындағандықтан оларды лауазымдандыруда лайықты тұлғалар деп сырттай жоғарғы әскери атақтарды беріп отырған. Ерте Түрік билеушілері Қытай ықпалында болмау үшін лауазымдануды белгілі бір кезеңдерде өзгертіп, тәуелсіз болу саясатын басшылыққа алып отырған. Ұлы дала билеушілері мемлекет басқаруда қолданған «жабғу», «жабғу-қаған», «қаған» және «хан» лауазымдарын төрт кезеңге бөліп қарау арқылы олардың әрбір кезеңдерде тәуелсіздік жолындағы күресте саяси және тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін көрсеткен жөн.
ТАНЫМ
14 қараша 2017 г.
1 748
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірі - ежелден мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің ордасы, құт дарыған киелі мекен.«Тұз басса да өңірін, көз-қырын салған Тәңірім» -деп Мұрат Сыдықұлының өзі жыр-қаймағы бұзылмаған, ежелгі салт-дәстүрді берік ұстанған киелі мекен. Нұртуған шайыр мен төкпе күйдің төресі Қазанғаптың, сүлей сөздің зергері Әбдіжәміл Нұрпейісов пен дауылпаз ақын Зейнолла Шүкіров бастаған әдебиет пен өнер майталмандарының кіндік қаны тамған жер.Осындай дүлдүлдердің асыл қазыналарынан сусындап өскен, өнерін заманның талабына сай түрлендіріп, рухани әлемді байыта білген Мұрат Сыдықовтың өнердегі өресі биік дарынды тұлға екендігі даусыз.
ТАҒЫЛЫМ
14 қараша 2017 г.
1 270
0
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен мемлекетік органдармен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткізілетін конкурстарына талдау жүргізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
479
0
Қарашаның 1-5 аралығында Петропавл қаласында XIII ұлттық жастар Дельфий ойындары өтті. Қызылорда облысынан 5 номинация бойынша 36 жас қатысты. Нәтижесінде қызылордалықтар 6 медаль иеленіп, құрама бойынша 6-шы орыннан көрінді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының президенті Әділ Әліқұлов мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
520
0
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 3 қараша күні Сәтбаев қаласында «Текті сөздің төресі - терме» атты дәстүрлі республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
596
0
Кеше облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды. Жиында күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – жергілікті бюджеттің төртінші деңгейін енгізу бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетованың хабарламасы тыңдалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
843
0