« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 3 қараша күні Сәтбаев қаласында «Текті сөздің төресі - терме» атты дәстүрлі республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
Республикалық байқауда Астана, Алматы қалалары мен 14 аймақтың жыр дүлділдері бақ сынады. Текті өнердің насихатшылары байқау барысында ел бірлігі мен Алаш үшін айтулы оқиға Алашорданың 100 жылдығын жырға қосты. Ана тілдің тағдырын айтып, тыңдарманның көңіліндегісін дөп басты.
Көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздардың шеберлігін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман (төраға), Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Жаңабергенова, жырау, жыршы Мұқаш Қожахметов және Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі Амандық Көмеков бағалаған аталмыш байқауда облысымыздың атынан қатысқан Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің қызметкері, Қызылорда облыстық филармониясының дәстүрлі орындаушысы және түрлі облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Сүгірбай Марат жүлделі 2-орынға ие болды.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 10 қараша күні Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен 18-22 жас аралығындағы үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау, қолдау мақсатында өткен «Тілдарын» республикалық олимпиадасында облыстық байқаудың жеңімпазы, Арал қаласындағы Н.К. Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбубәкірова Айдана Шынболатқызы жүлделі 1-орынды иеленді.
Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы ағымдағы жылдың 4 тамыз – 7 қыркүйек аралығында «Үздік сабақ» байқауын жариялады. Байқауға республикалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен, мектеп мұғалімдері мен сала мамандардан мемлекеттік тілді оқытудың сан түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылды. Арнайы құрылған қомиссия байқауға жолданған 500-ге жуық материалдың 300-ін ғана іріктеп, сайтта жариялаған болатын.
Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Бахытова Әсел 2-орын жеңімпазы атанды.
Облысымыздың атын шығарып, тіл мерейін үстем еткен жастарымызға алар асулары көп болсын дегіміз келеді.
Мартана Дәулетбаева
Қызылорда облыстық
ішкі саясат басқармасының
әдіскері
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |