Сонау бір өткен заманда Шөмішкөл дейтін көл еді; Шөмішкөл дейтін жер еді; сол жер мен көлді тегін жайлаған жұртты Шөмішкөл ауылы дер еді. Ақын аға айтқандай, сол ауылда «мың өліп, мың тірілгендерден» қалған 34 үй бар еді. Күн-көсем атындағы колхоздың бір бөлімшесі болатын...
ТАҒЫЛЫМ
27 қараша 2017 г.
1 026
0
Қазіргі Ж.Маханбетов ауылының іргесі сонау 1929 жылы бірнеше серіктестіктен құрылды. Кейін серіктестіктер бірігіп, Киров атындағы кеңшарға айналды. Қала іргесіндегі шаруашылық көкөніс өсіргені, мұнда товарлы-сүт фермасы, 20 мыңға жуық қой, ірі қара болғаны қазір аңыз секілді. Елді басқарған Төлеген Дәуітбаев, Төлек Сыздықов, Шамахан Құндызбаев, Бабаш Жөкеновтер елді көркейтуге бір адамдай үлес қосқанын қазіргі көнекөздер аузынан тастамай отырады. Ел мерейін көтерген Ленин орденді механизатор Петр Тілепбаев, Ұзақ Боздақтаев, қой фермасын басқарған Теңбеш Ақмырзаева, Кенжебек Әуезов, бақташы Хамитбек Манабаев, Сейітқали Байқадамов есімдері ел есінде. «Ер есімі – ел есінде» демекші, дүниеден өткендерді құрметтеу, ұлықтау көше беру үрдісі бұл ауылда үлгі аларлық десек артық емес.
ТАҒЫЛЫМ
27 қараша 2017 г.
714
0
Бұл күндері Қызылорда облысында мал шаруашылығы жақсы қарқынмен дамып келеді. Жылдан жылға мемлекеттік бағдарламалар аясында байырғы атакәсіпке мойын бұрушы қандастарымыздың қатары молаюымен бірге, төрт түліктің басы да өсу үстінде. Мал басының аман сақталуы мен уақытылы егу жұмыстарының жүргізілуінде әрине, мал дәрігерлерінің өлшеусіз еңбегі бар. Солардың қатарында Жаңақорған ауданына қарасты Қыраш ауылындағы мал дәрігерлік пункт меңгерушісі Нұрлан Бимбетов те бар.
ҚОҒАМ
27 қараша 2017 г.
944
0
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Атамекен» балалар ауылының 45 тәрбиеленушісі Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалды кешені мен Байқоңыр қаласындағы музейге саяхат жасады. Бұл қайырымдылық шарасы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
677
0
Қазалы аудандық ардагерлер ұйымы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ардагер ақындар мүшәйрасы – 2017» байқауы өтті. Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мүшәйраға елді мекендер, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінен көпшілікке танымал ақындар қатысты. Халықтар достығын, еліміздің өсіп-өркендеу жолын, саяси тұрақтылықты дәріптеуді тұтынған байқауға белгілі әнші Ғалия Оспанова, ардагер өнерпаз Ұлжан Ахметова, ақындар Сержан Берденұлы, Ермекбай Ағыраев қазылық жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
584
0
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат екені белгілі. Орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілуіне байланысты, аудандық және ауылдық өңірлердің қаржылық дербестігін нығайту керектігі тапсырылды.
Экономика
27 қараша 2017 г.
1 245
0
Мал баққанға бітеді, бұған шүбә жоқ. Бабына қарай басы біріксе, қораға құт кіреді. Есең кетсе ешкі бақ, төресін тізгіндесең түйе бақ. Әйтеуір, шамаңа қарай шаруа етсең болғаны. Түптеп айтқанда, бүгінгідей нарық уақытында азығың да сол, қысылғанда кіріптарлықтан құтқаратын да сол.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
671
0
Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген жеріне кіндігімен байланады. «Туған жер» деген қасиетті ұғымды төбемізге қойып, қастерлейтініміз де сондықтан. Қаз басқан қадамымызға, жетістіктерімізге, ат жалын тартып азамат болғанымызға куә болған сол аяулы мекен туралы естеліктер әрбіріміздің жүрек түпкірімізде сақтаулы. Күнделікті күйбең тірліктен қол босамай, туған жерге ат ізін салмай кетсек те, оған деген ықыласымыз әрбіріміздің көңіл төрімізде тұр.
ТАНЫМ
27 қараша 2017 г.
1 273
0
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тамырын жайып отыр. Ол – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
АҚПАРАТ
27 қараша 2017 г.
615
0
Жуырда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Аудан көлемінде БЦЖ екпесінен бас тарту жағдайының алдын алу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
524
0