Сыр өңірінің спорт саласы қарқынды дамып келеді. Жеткен жетістіктер аз емес. Елбасы спорт саласының дамуына айрықша мән беруде. Халыққа арналған Жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортпен айналысуға нақты тапсырма берiлген. Тапсырмаға сәйкес, облыста айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
790
0
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова аймақтағы қыз-келіншектерге арналған «Іскер әйелдер бизнесі» атты жобасын қорытындылап, шараға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
479
0
«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген Елбасы сөзі әр сырбойылықтың көңіліне қуаныш, мақтаныш сезімін ұялатады. Иә, ырысты, күрішті Сыр елінің бүгіні берекелі, ертеңі еңселі. Шырайланған шаһары, ажарланған ауылы бар аймақты Мемлекет басшысының өзгелерге үлгі етуі заңдылық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
744
0
Тәуелсіздік жылдарындағы Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәдени мұра мен ұлттық тарихты терең зерделеу және ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жөніндегі бағдарламалары өткен дәуір қатесін түзетіп, жаңа тарихи көкжиектерге жол ашты. Қазақтың бай тарихи мұрасы әлем халқының рухани байлығына қосылды. Қазақ елі өзінің тарихи болмысы мен ұлттық кодын білетін мәңгілік ел болу даңғылына түсті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
535
0
Еліміздің табиғи ресурс көздеріне бай екені белгілі. Алайда жерасты қойнауы қазба байлыққа кенде емес Қазақстан түгелдей шикізатқа тәуелділіктен арылуға бет бұрды. Нақтырақ айтсақ, экономиканы әртараптандыруға күш салуда. Себебі, табиғи байлық таусылуға жататын байлық көзіне жатады. Болашақтың табыс көзі тек табиғи шикізатта емес екенін ескерген елімізде өзге саланы өрістетуге, соның ішінде ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылып келеді. Осы бағытта оңтайлы шаралар қабылдаған Қызылорда облысы аграрлық салаға айрықша көңіл бөлген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
731
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облысымызға сапары барысында аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген болатын. Аймақ құрылысшыларымен кездескен Елбасы құрылысты әртүрлі сәулет тәсілдерін пайдаланып, сапалы әрі көрікті етіп салу керектігін де тілге тиек етті. Мемлекет басшысы Астана секілді сол жағалауға жаңа қала салып жатқан құрылысшыларға алғыс айтып, табысты болыңдар деген лебізін де білдірді. Осындай жылы жүздесуден кейін аймақтағы құрылыс жұмыстарының екпініне екпін қосылды деуге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
542
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтіп, онда аймақты индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Берденова Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында облыста құны 610,1 млрд теңге құрайтын 25 жоба іске асырылуы жоспарланғанын айтты. Олардың аясында 6,3 мың жұмыс орнын ашу көзделген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
533
0
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды жобаның бірі – Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жылына 1 миллион тонна томпанажды цемент шығаратын зауытының құрылысы. Кеше индустриалдық аймақта кәсіпорынның іргетасы қаланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким және инвестордың бірі Д.Тұрлыханов, Шиелі ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қазан 2017 г.
670
0