Біздің аймақта Қорқыт ата есімін ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға аманаттау тұрғысында көптеген ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі де бірегейі – Адамзаттың Материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Қорқыт ата мұраларын» енгізу болатын. Жыл бойы Қорқыт ата мұралары жан-жақты зерттеліп, жүйеленіп, Қызылорда, Алматы қалаларында семинарлар өткізілді. Аталған семинарға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан тарабының мамандары, Халықаралық түркі академиясының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Корей мәдениет мұралар қорының бақылаушылары қатысты. Нәтижесінде, «Қорқыт ата мұралары» ұлттық өтінімі толығымен аяқталып, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне ұсынылды.Біздің аймақта Қорқыт ата есімін ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға аманаттау тұрғысында көптеген ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі де бірегейі – Адамзаттың Материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Қорқыт ата мұраларын» енгізу болатын. Жыл бойы Қорқыт ата мұралары жан-жақты зерттеліп, жүйеленіп, Қызылорда, Алматы қалаларында семинарлар өткізілді. Аталған семинарға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан тарабының мамандары, Халықаралық түркі академиясының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Корей мәдениет мұралар қорының бақылаушылары қатысты. Нәтижесінде, «Қорқыт ата мұралары» ұлттық өтінімі толығымен аяқталып, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне ұсынылды.